З.Қабдолов – 95: Академиктің құрметіне арналған конференция
Қазақ ғылымы мен руханиятының аса көрнекті өкілі, ф.ғ.д., профессор, академик, жазушы Зейнолла Қабдоловтың 95 жылдығы құрметіне Маңғыстау облысындағы Yessenov University «Қазақ әдебиеттану ғылымы: дәстүр және сабақтастық» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды.
Конференцияның пленарлық отырысында арнайы шақырылған қонақтар – филология ғылымдарының докторы, профессор Тілепов Жұмат Жұмалыұлы «Қайталанбас тұлға»; әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бисенғали Зинол-Ғабден Қабиұлы «Қаламгер Қабдолов»; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Манкеева Жамал Айтқалиқызы «Академик З.Қабдоловтың көркем сөзінің лингвосинергиясы»; А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Момынова Бағдан Қатайқызы «З.Қабдоловтың сөз әлемі».
Онлайн қатысқан Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттỉк университетỉ, қазақ тỉлỉ және әдебиетỉ кафедрасының доцентỉ, PhD доктор Шийрин Смамутова «Зейнолла Қабдоловтың қарақалпақ халқына ықпалы»; Есенов университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Нағбду Қамарова «Сөз өнерінің шын шебері» атты мазмұнды баяндамалар жасады.
Конференция аясында «Зейнолла Қабдолов тағылымы», «Қазіргі әдеби процесс, әдебиет теориясы және фольклортанудың өзекті мәселелері», «Әдеби тіл және қазіргі қазақ тілінің мәселелері», «Пәнді оқытуда жаңа технологиялардың әдістемелік жүйесі» атты төрт секция бойынша баяндамашылардың баяндамалары талқыланды. Конференция материалдары жинақ ретінде жарық көреді. Конференция мазмұндылығымен, тағылымдылығымен есте қалды.
Ұстаз-ғалым ізденістері. Yessenov University қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Қамарова Нағбду Сұлтансихқызының 50 жас мерейтойына арналған «Ұстаз-ғалым ізденістері» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға белгілі ғалымдар, ел ағалары, университет ұжымы, магистарнттар мен студенттер қатысты. Еңбек жолын осы университеттен бастап, бүгінге дейін тұрақты қызмет атқарып келе жатқан Н.Қамарованың туып-өскен жері, оқушылық, студенттік жылдары, еңбек жолы таныстырылды.
Университет президенті Б.Ахметов мерейтой иесіне шығармашылық табыстар тілеп, құттықтау папкасы мен гүл шоқтарын тапсырды. Ардагер ұстаз О.Қосай, жазушы М.Іңірбайұлы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің профессоры, ф.ғ.д. З.Бисенғали, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Ж.Манкеева, ф.ғ.д., профессор Б.Момынова, YU профессоры, ф.ғ.к., қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі А.Отарова мерейлы жас иесінің ғылым әлеміндегі, университет өміріндегі өзіндік орнын лайық бағалады.
Сондай-ақ тіл білімі институтының директоры А.Фазылжанның арнайы құттықтауы оқылып, аталмыш мекеменің А.Байтұрсынұлы төс белгісі тапсырылды. Шараға онлайн қатысқан ф.ғ.к., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ доценті О.Тұржан, Түркияның Анкара қаласынан Хажы Байрам Вели университеті Түрік фольклоры кафедрасының ғалымы, PhD Б.Нұриман, ф.ғ.к., Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қ.Сарекенова Нағбду Сұлтансихқызының ғылымдағы, қоғамдағы орнына тоқталды.
АҚШ (Coastal Carolina University), Түркия (Стамбул қ.), Ресей (Татарстан, Қазан қ.), Өзбекстан (Нөкіс қ.) елдерінен және Қазақстанның түкпір-түкпірінен белгілі ғалым әріптестері бейне құттықтаулар жолдады. Мәселен, Астана қаласынан ф.ғ.д., профессор С.Негимов жолдаған құттықтауда Н.Қамарованы сонау оқушы кезінен танитынын, сөз өнеріне бала кезден құштарлығына тәнті екенін дәлелдермен жеткізді.
Түркияның Стамбул қаласынан тар.ғыл.докт., Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Ә.Қара; Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ғ.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының (Қазан қ.) әдебиеттану бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор А.Закиярзянов Нағбду Қамарованың көршілес елдердегі халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, елдер арасындағы әріптестік қарым-қатынасты нығайтуға зор үлес қосып келе жатқанын тілге тиек етті.
Бірге оқыған дос-құрбылары Astana IT University, жалпы білім беру пәндері департаментінің қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к. Б.Динаева; Өзбекстан Республикасы Әжінияз атындағы Нөкіс мемлекеттік педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының доценті, PhD Т.Торткулбаева; ф.ғ.к., С.Демирел университетінің аға оқытушысы, АҚШ-тағы Ньюкасл университетін «Болашақ» бағдарламасы бойынша тәмамдаған, «Мінбер» журналистерді қолдау орталығының жетекшісі Е.Кәпқызы; Назарбаев университетінің оқытушысы, ф.ғ.к., қазір АҚШ-та Coastal Carolina Universityде «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан ғалым Е.Адаева мерейтой иесінің қаламегерлік, ғалымдық, ұстаздық, қоғамдағы белсенділік қырларына кеңінен тоқталып, жүрекжарды тілектерін арнады.
Шара соңында Н.Қамарова елу жасты кемел кезге аяқ басқан жас деп есептейтінін, бұл белесте өткенге ой жіберіп, «не тындырдым, не бітірдім» деп өзіңе есеп беретін кез деп бағалайтынын жеткізді. Салтанатты шараны ұйымдастырған университет басшылығына, қатысқан ұстаздары мен әріптестеріне, шәкірттеріне ризашылық сезімін білдірді.
Замира ПУЛАТОВА,
Yessenov University баспасөз хатшысы,
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы