Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы республикалық номинация иегерлерін қабылдады

Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек  Шермағанбет оқуда озат атанып, ерлігімен көзге түскен республикалық номинация иегерлерін қабылдады. Еске сала кетсек,​ жуырда жалпы білім беру ұйымдарының 6-11 сынып оқушылары арасында «Жыл оқушысы» республикалық сайысы өтті. Байқау қорытындысымен​ Қызылорда қаласы, №257 мектептің 6-сынып оқушысы Сармырзаев Ержігіт ІІІ орын иегері атанған болатын, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
 
Сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен 7-14 жас аралығындағы балалар арасында «Жылдың жас патриоты» форумы өтті. Республикалық шараға жас ақындар, жазушылар, жас батырлар, жас техниктер мен жас спортшылар қатысқан болатын. «IT -жоба» бағытында аймақтың намысын қорғаған №3 IT мектеп-лицейінің оқушысы Әділ Серік «Жылдың жас патриоты» номинациясын иеленді.
Ал Жалағаш ауданы, Аққұм ауылындағы №38 орта мектебінің 2 сынып оқушысы Бахыт Мерей өрт шыққан үйден төрт бауырын құтқарып, ерлік жасады. Өз өмірін қауіп-қатерге тіккен қайсар қызға “Жас батыр” номинациясы табысталды. Айтулы жетістіктерімен құттықтаған басқарма басшысы оқушылар мен жетекшілеріне алғыс білдірді.​

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий