Батыс Қазақстан облысы: Жаңа автобус – балалар игілігіне

Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектептің ұстаздар ұжымы мен оқушыларға қоса ата-аналар қауымы да Жаңа жыл мерекесі қарсаңында үлкен қуанышқа кенелді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «2022 жыл – Балалар жылы» деп жариялады. Биылғы балалар жылында жас бүлдіршіндеріміз үшін көптеген игі істер жасалынып, тәрбиесі мен біліміне мән берілгендігі белгілі, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Еліміздің ертеңін қалайтын жасөспірімдердің сапалы білім алуы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Осы орайда, оқушыларды тасымалдауды сапалы ұйымдастыру және автокөліктерді жаңарту мақсатында Л.Қылышев атындағы жалпы орта білім беретін мектебіне «Паз» маркалы автобусы сыйға берілді. Атаулы шараға аудан әкімі Әлия Биғазықызы мен білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Ығылманұлы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Автобус барлық заманауи талаптарға сай. Қауіпсіздік белдіктері, оқушы сөмкесіне арналған сөрелері бар. Есік ашық кезде қозғалысты тежейтін механизмі де қарастырылған. Одан бөлек, 60 км/сағ жылдамдықты шектегішпен жабдықталған. Бұл дегеніміз балалардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілді деген сөз. Мектеп ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий