“Ақтөбе облысының үздік педагогтері 2012 – 2022 ж.ж” атты энциклопедияның тұсаукесері

Аймақтағы үздік педагогтердің еңбектерін насихаттау, озық ұстаздардың тәжірибесін тарату, қоғамдағы беделін арттыру, мәртебесін көтеру және оның мамандығының қажеттігін көрсету мақсатында жарық көрген «Ақтөбе облысының үздік педагогтері 2012-2022жж.» атты энциклопедияның тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды осы өңірдегі білім басқармасының баспасөз қызметі.
Аталған энциклопедияға 2012 жылдан бастап жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсы мен жергілікті «Ақтөбе облысының үздік педагогі» және «Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағы иегерлерінің еңбек жолы мен үздік іс-тәжірибелері енді. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Д. Жаманбаева республикалық көлемде танымал болып, кәсіби мықтылығын мойындата білген педагогтерімізге энциклопедияны табыстады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий