Абай облысы: “Жайлы мектеп” ұлттық жобасы аясында биыл орта білім беретін мектептің құрылысы басталмақ

Жаңадан құрылған Абай облысында биылға жоспар көп. Соның бірқатары құрылыс саласында көзделген, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі. Облыс әкімнің айтуынша, Семейдегі балаларды арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту мәселесі Қарағайлы шағын ауданында 150 орындық оңалту орталығын салу арқылы шешілмек. Бұл орталық қала тұрғындарына ғана емес, түгел облыс халқына қызмет көрсетеді.

– Ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемі 4 есеге ұлғайтылады. Семей қаласында тірек-қимыл аппараты бұзылған және психоневрологиялық аурулары бар балаларға арналған 150 орындық 2 оңалту орталығын салу жоспарда бар, – деді дейді өңір жетекшісі Нұрлан Ұранқаев. – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бес орта білім беретін мектептің құрылысын бастауға қазына қаржысынан 9,2 млрд теңге қарастырылуда. 

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий