Ақмола облысы: “Bolashaq Премиясы – 2022” байқауының жеңімпаздары марапатталды

«Балалар жылы» аясында «Bolashaq Saraiy»-да Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіповтың қатысуымен оқушылар сарайының білім алушылары арасында «Bolashaq Премиясы – 2022» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті. Бейбіт Айтымұлы барша жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.

«Bolashaq Премиясы» шарасы игі дәстүрге айналды. Екінші жыл қатарынан Болашақ сарайының әкімшілігі экология, спорт, өнер, IT және дебаттық қозғалыс салаларында үздік нәтижелер көрсеткен тәрбиеленушілердің жетістіктерін қорытындылауда. Оқушылар сарайының қысқа мерзім ішінде балалардың бос уақытын ұйымдастыратын жетекші орталыққа айналғаны қуантады. Бүгінде бұл жерде 3 мыңнан астам бала мен жастар тәрбие алуда. Олар қосымша білім алып қана қоймай, түрлі облыстық, республикалық, халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүр, – деді Бейбіт Жүсіпов.

Салтанатты шараға «Атамекен-Агро» АҚ-ның персоналды басқару жөніндегі директоры Айжан Шаматова, байқау кеңесінің мүшелері қатысты. Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы Мансия Есекеева, Көкшетау құрылыс-техникалық колледжінің директоры Ерлан Бегайдаров, «KOK SU KZ» ЖШС-нің директоры Сауле Касымова үміткерлерді бағалап, байқауға қазылық етті.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, байқау кеңесінің мүшелері соңғы бір ай бойы Болашақ сарайының тәрбиеленушілері арасынан барлық кезеңдерден өткен, финалға жеткен ең ақылды, талантты, спорт, зияткерлік бағытының үздік балаларын таңдаған. «Үміткерлердің барлығы «Bolashaq Премиясы – 2022» сыйлығына лайық. Алайда доданың аты дода, жеңімпаздар анықталуы керек. Осыған орай, үлкен жауапкершілікпен, тәжірибемен, айқын мақсатпен жетістіктерге жете білген үміткерлер сахна төрінде марапатталады, – деп қосты ұйымдастырушылар.

Іс-шараның ең негізгі және ең шешуші жарқын сәтінде Бейбіт Айтымұлы “Bolashaq – 2022” Премиясының жеңімпазы атанған Болашақ сарайының тәрбиеленушісі Андрей Буторинді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың 300 мың теңгелік сертификатымен және арнайы статуэткамен марапаттады. Қазақстан Республикасының «Жылдың үздік студенті», экология бойынша Халықаралық олимпиаданың жеңімпазы Ермоленко Максим.

Асық ату ойынынан Азия және Әлем чемпионы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Республикалық «Алтын тұғыр» сыйлығының иегері Думан Айлана, Димаш Құдайбергеннің «Бақытты бала» ІV Халықаралық байқауы жобасының қатысушысы, вокалист Амина Жапар. Білімге құмар, қабілетті, креативтік ойлаудың, пікірталас алаңының шебері Нұрланұлы Алдияр 100 мың ақшалай сертификаттарына ие болды. Құттықтаймыз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий