Түркістан облысы: Балалар қамқорлығы – басты назарда!

Павлодар облысының Екібастұз қаласынан елу бала Түркістанға қыстық демалысын өткізуге келді. Игі шараның жүзеге асуына Түркістан облысы білім басқармасы қолдау білдіріп, сауықтыру лагеріндегі іс-шараларды үйлестіруге үлесін қосып отыр. Өз кезегінде балалардың жайлы жайғасуы мен бос уақытын тиімді өткізуін назарға алдық, – деп хабарлайды осы аймақтағы салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Олар каникулын барынша қауіпсіз, жоғары деңгейде өткізуі керек. Бұл өз кезегінде Екібастұздағы төтенше жағдайда зардап шеккен отбасылардың балаларына жан-жақты қолдау көрсетілу мақсатында ұйымдастырылды. Әзірге балалар сүйемелдеуші, дәрігерімен Төлеби ауданының тұмса табиғатында демалыста. Оқушылар қаңтар айының 11-іне дейін Түркістан облысының тарихи- туристік жерлерін аралап, аймақтың сакралды географиясымен танысады!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий