Атырау облысы: Жаңа жылға – жаңа балабақша

Көктем ықшамауданында «Теңізшевройл» компаниясының «Игілік» бағдарламасы аясында 160 орындық «Шағала» балабақшасы ашылды, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі. – Балабақша – барлық әлеуметтік нысан ішіндегі ең маңыздысы, бөбектердің үлкен өмірге деген алғашқы баспалдағы. Қазақта «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген киелі сөз бар. «Шағала» балабақшасынан білімді, тәрбиелі, елінің дамуы үшін аянбайтын ұрпақ тәрбиеленеді деген үлкен сенімдемін, – деді балабақшаның ашылу салтанатына қатысқан аймақ жетекшісінің орынбасары Жасұлан Бисембиев.
Балабақша құрылысы 2021 жылы желтоқсан айында басталып, 2022 жылдың қараша айында аяқталды. Мұндағы әр бөлме балалардың жас ерек­ше­лігіне қарай жабдықталған. Яғни асхана, ойын, жатын бөлмелері, оқу кабинеті, дене шынықтыру залы, саз бөлмесі, медициналық емдеу кабинеті және тағы басқа қажеттің барлығы бар. «Шағала» бөбекжайында барлығы 7 топ бар. Үлкен топтың сыйымдылығы – 25 бала, ал кіші топ – 20 баладан.
Мекеме әділет орындарына тіркеуден өтіп, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінен балаларды қабылдау жөніндегі қорытынды алынып, «Indigo24.kz» ақпараттық жүйесіне орындар салынған соң тәрбиеленушілерді қабылдайды. Жоспар бойынша 20 педагог және 24 техникалық қызметкер жұмыспен қамтылады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий