ЕҰУ студенті композитор Құрманғазы туралы мультфильмді дайындауға атсалысып жүр

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ сәулет-құрылыс факультетінің 5 курс студенті Аружан Унарбекова оқудан бос уақытында аниме стилінде сурет салумен айналысады. Оның Қазақстан Президенті, сондай-ақ қазақ халқының көрнекті тарихи тұлғалары бейнеленген жұмыстары жастар арасында танымал болды, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде ЕҰУ студенті композитор Құрманғазы туралы мультфильмді дайындауға атсалысуда. 13 сериядан тұратын анимациялық туынды қазақтың әйгілі күйлерінің таңғажайып қыр-сырын ашады. – Анимациялық туындының басты кейіпкері Құрманғазы арқылы көшпелі өмір салтының тарихи кезеңі баяндалады. Композитордың қазақ даласындай кең жүрегі көптеген сынақтар мен келеңсіздіктерді бастан өткереді. Біздің сериал бала Құрманғазының жан дүниесінде терең із қалдырған оқиғаларды ашады. Ол өз шығармаларында халықтың арман-тілегі мен ұмтылысын бейнелеп, ұлы даланың ең танымал музыканттарының біріне айналды, – дейді ЕҰУ студенті Аружан.
Бүгінгі таңда дарынды жастың жұмыстары Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал. Тапсырыстар АҚШ, Румыния, Филиппин, Ұлыбритания, Австралиядан келеді. Соңғы үш жылда ЕҰУ студенті графикалық планшетте сурет салу дағдыларын игерді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий