Сыршыл суретшімен сұхбат

«Табысқа апарар жол» жобасы аясында оқушылардың қысқы демалысынла ҚР Білім беру ісінің үздігі, Журналистер одағының мүшесі және Көркемөнер Академиясының корреспондент мүшесі Тақырбасов Ерсінмен кездесу ұйымдастырылып, іс-шараға «Палитра» бейнелеу студиясының жас суретшілері, «Қаламгер» студиясының жас тілшілері, А.Бөкейханов, Б.Момышұлы атындағы мектептің оқушылары қатысты, – деп хабарлайды Павлодар облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жастар жерлес фотограф, атақты суретшінің шығармашылығымен танысып, өнер адамының бітім болмысын бағамдады. Ерсін Қасқиұлы өмір бойы бейнелеу өнерімен айналысып келеді, оны  жерлесі, танымал ағартушы, тарихшы, этнограф, фольклортанушы, геолог, дипломат, жазушы, суретші Шоқан Уәлиханов шабыттандырады екен. Балалар қонақтың Шоқан Уәлиханов туралы «Аққан жұлдыз» жұмысын және қонақтың басқа да шығармашылық жұмыстарын, бейнежазбаларды көруге қызығушылық танытты. Кедесу кейіпкері балаларға кескіндеме мен фотография бойынша шағын шеберлік сабақ көрсетіп, қыл қаламның құпиясынан сыр шертті.

– Егерде сендер қоғамдық көлікте тұрып келе жатсаңдар, сурет салуға болады, ал егер де отырсаңдар сызбамен айналысуға болды. Суретші болып туу керек! Өмірді сүю керек, қоршаған ортаны, адамдарды жақсы көріңдер, еңбекшіл болыңдар, сонда ғана барлық арман-мақсаттарына жетесіңдер, – деді ол. – Майталман шебер жүздесу аясында ақ қағаз бетіне қазақ халқының тіршілігін, батырлардың бейнесін дәл түсіруді ерекше ұнататындығын жеткізді, – деді шараны ұйымдастырушы әдіскер Әсем Аипова.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий