Ауылдағы жаңа мектеп

Қаратал ауданындағы Ортатөбе ауылында барлық заманауи талаптар мен стандарттарға сай 180 орындық жаңа мектеп ел игілігі үшін пайдалануға берілді. Жергілікті тұрғындары үшін көптен күткен бұл білім ұясының мектептің құрылысына облыстық бюджеттен 1,5 миллиард теңге бөлініп, мердігерлік жұмысты жауапкершілігі шектеулі “Жөндеу-Құрылыс” серіктестігі атқарған болатын, – деп хабарлайды Жетісу облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жаңа мектепте 212 шәкірт білім алып, оларды оқытумен 44 педагог айналысатын болады. Заманауи ғимаратта оқушылар мен педагогтар үшін барлық жағдай жасалған. Қажетті интерактивті тақталармен, компьютерлермен жабдықталған. Кең кабинеттер, ұлдар мен қыздарға арналған шеберханалар, асхана, спортзал, оқу залы, кітапхана және тағы да басқа барлық мүмкіндіктер бар. Сонымен қатар, мектеп аумағында футбол, волейбол, баскетбол алаңдары, оқушылардың демалуына арналған бөлек алаңдар, бастауыш сыныптарға арналған гимнастика алаңы орнатылған.

Салтанатты рәсімге арнайы келген атқарушы биліктің басшылары өскелең ұрпақтың сапалы білім мен өнегелі тәрбие алу үшін барлық жағдай жасалғанын айрықша атап айтып,  жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында аудан бойынша жыл сайын спорт, воркаут алаңдарының қатары көбейе бастағанына тоқталды. Және алдағы уақытта ескі мектеп ғимаратында ауылдық клуб, пошта бөлімшесі мен кәсіпкерлік нысандарын ашу жоспарланғаны белгілі болды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий