Шаршы алаңда – білім басшылары

Абай атындағы оқушылардың шығармашылық орталығында Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы мен Атырау облысы білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағы бірлесіп, аймақтың Білім басқармасы, білім бөлімдері және білім беру ұйымдарының басшылары арасындағы облыстық бірінші спартакиада өткізді.

​Жарыстың негізгі мақсаты – білім беру саласы қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттыра отырып, денсаулығын нығайту, бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ кәсіби қажудың алдын алу, білім беру саласы қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау және ойын арқылы ұжымдық достықты дәріптеу, ынтымақтастықты нығайту еді.

Спартакиадаға қатысқан 10 команда 6 спорт түрінен, атап айтқанда волейбол, армрестлинг, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және садақ атудан сайысқа түсті. Жарыс қорытындысында Құрманғазы ауданы құрамасы 1-ші орын, 2-ші орынды Қызылқоға ауданы құрамасы, 3-ші орынды Индер ауданы құрамасы иеленді. Жүлдегерлерге дипломдар мен кубок,ақшалай сертификаттар табыс етілді. Ұстаздыққа қоса спорт түрлерінен де кәсіби шеберліктерін паш еткен барша әріптестерімізді шын жүректен құтықтаймыз!

Атырау облысы білім және ғылым
қызметкерлерінің кәсіптік одағы,
баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий