Медицинаның мақтаулы мамандары

Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігерлері: Талғат Аманжолұлы, Александр Константинович, Динара Ермекқызы!

Біз сіздерді қатерлі ісікпен күрескен қаншама жанның Жаңа жылды жақсы көңіл күймен қарсы алуына себепші болған, білікті маман деп білеміз. Жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген өз саладарыңыздың шебері екендеріңізге куәміз. Әр науқастарыңызға ерекше ықыласпен қарап, қолдау көрсете алатын ақ халаттылардың абзалысыздар.

Біз сіздерге емделушілеріңіз ретінде ерекше алғыс білдіреміз және келіп жеткен 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймыз. Абыройларыңыз асқақтап, беделдеріңіз биіктей берсін. Бойларыңыздан күш-қуат, бастарыңыздан бақ, жүректеріңізден иман кетпесін. Жақындарыңыз аман болып, жаңа белестерді бағындыра беріңіздер. Емделушілеріңізді разы қылған сіздерге Алла разы болсын!      

Саржановтар отбасы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий