Түркістан облысы: Жетістікке толы жыл

Түркістан облысы білім басқармасының жыл қорытындысына келер болсақ, 2021-2022 оқу жылында облыстық, республикалық және халықаралык 35 іс-шара ұйымдастырылды. Оның ішінде білім алушылардың адамгершілік-рухани және зияткерлік әлеуетін қолдау және дамытуға бағытталған облыстық бес, республикалық – 24 және халықаралық деңгейде алты олимпиада, конкурс, көрме-байқаулар және 1 республикалық ғылыми практикалық конференция өтті. Жалпы облыс бойынша 129048 (26 %) дарынды оқушы түрлі деңгейдегі олимпиадалар, ғылыми жоба конкурстары, турнирлер, байкауларға қатысты, бұл облыс оқушыларының жалпы санының жиырма алты пайызын құрайды.

Балалар жылы аясында облыстық «Тuran-Ваlағеsт» фестивалі ұйымдастырылып «Жас қалам» әдебиет күні (шеберлік сынып) іс- шарасына облыстық байқаулардың барлық жеңімпаздары 242 оқушы қатысып, ақын жазушылармен кездесті, шебер-сыныптар ұйымдастырылды. Түркістанда алыс-жақын шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Қазақстан-ата жұртым, қасиетім-ана тілім» атты халықаралық олимпиадасы ұйымдастырылып, бес елден 57 қатысушы қатысты.

“Ел үміті” бастамасы аясында жүргізілетін жобалар:  Ауыл мектептері оқушылары арасында өтетін «Мың бала» ұлттық олимпиадасына облыс бойынша 32361 оқушы тіркелді, облыстық кезеңге 886 оқушы қатысты (5 сынып – 454, 6 сынып – 432), олимпиада қорытындысы бойынша 94 оқушы (5 сынып – 23, 6 сынып – 71) жеңімпаз деп танылды. Жеңімпаз деп танылған 6-сыныптың 43 оқушысы өңірдегі және республика аумағындағы мамандандырылған мектептерге орналасу үшін конкурска катысуда.

«Елбасы медалі» бағдарламасы бойынша 14-21 жас аралағындағы 850 ден аса жастар жобаға катысып, (2021-2022 о.ж) 1-кезеңде 181 қола, 2-кезеңде 7 қола иеленді. 2022 жылында 1-кезеңде 1 күміс, 78 қола, 2-кезеңде 21 қола, 3-кезеңде 1-алтын, 30 күміс, 145 қола ; 4-кезенде 1-алтын, 22-күміс, 191 қола барлығы иеленді. «Бірге оқу» онлайн мектебінде қала және ауыл жағдайында балалардың білімдік және ақпараттық теңсіздігін қысқарту, балаларды қолдау және дамыту бағытында ауыл мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында 601 бала қашықтан қосымша білім алды және оқу аяқтағаны туралы сертификат берілді.

Қазіргі таңда 601 бала оқуын жалғастыруда. «Qabilet» жобасы қызметі жобасы, оқушылардың кабілетін диагностикалау және кәсіби бағдар беру (10-11 жас). Облыс бойынша 9270 оқушы қабілеттерді диагностикалау сынағынан өтіп, екінші кезеңге 4 оқушы жолдама алды. “Елбасы Академиясы” Корпоративтік қоры бейіндік ведлиствамен бірлесіп, 2021 жылы республика бойынша балалардың қабілетін диагностикалау жүйесін күру, зияткерлік және жеке әлеуетті іске асыру үшін қабілетті балалар мен талатты жастарды сүйемелдеу және колдау қызметін ұйымдастару мақсатында “Qabilet” қызметін іске қосқан болатын.

Жоба 5 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды кезең-кезеңмен қамтуды көздейді. 2021 жылдан бастап кабілет диагностикасы 10-11 жас аралығындағы оқушыларға қолжетімді, 2022 жылы 7-9 жас аралығындағы балалар үшін енгізіледі. 2021 жылы басқа өңірлердегі “Дарын” орталығы қызметкерлері 10-11 жас аралығындағы оқушыларға арналған авторлық әдістемелерден өтті, оған Түркістан Дарын Орталығы қызметкерлері қаржы бөлінбеуіне байланысты қатысқан жоқ. Ағымдағы жылдың 8-21 тамыз аралығында 7-9 жас аралығындағы оқушылардың қабілетін диагностикалау әдістемелерімен (эмоциялық интеллект, когнитивтік, коммуникативтік қабілеттер) жұмыс істеу, “4К”дағдыларын дамытуға бағытталған психологиялық сабақтар өткізу, оқушының диагностика татты түсіндіруі бойынша оқыту өтеді. Бұл оқуға осы орталықтан бес қызметкер жіберіліп отыр.

IQanat олимпиадасына 98 оқушы қатысып, республикалық кезеңде 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Он жеті дарынды бала «IQanat HighShool оҒ Burabay» мектебіне жолдама алды. Екі оқушы жүлделі орынға да ие болды, ІQАNАТ мектебіне де оқуға қабылданды. “Дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы” Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп интернатының 15 жылдығына орай “Дарындылық және дарынды балаларға арналған білім берудің ерекшеліктері: ізденіс, шығармашылық жылдар және болашақ” тақырыбында онлайн форматта, Zoom платформасы арқылы республикалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізілді.

Облыста 8 ІТ мектеп, 64 ІТ сынып және 118 – робототехника сыныптары (оның ішінде Іеро-жиынтықтарының саны – 621) жұмыс атқаруда.Қазіргі: таңда облысымызда робототехника жұмыстары сапалы, жүйелі түрде жүргізілуде.  «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ-ның ұйымдастыруымен зияткерлік мектептерінің тәжірибесін Тарату, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ғылымға, робототехниканы оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында «Наурыз кездесулері» байқауы аясында республикалық «Титандар шайқасы» байқауында жеңімпаздар арнайы мақтау қағаздарымен сертификатталды.

Кентау қаласындағы қазақ-неміс политехникалық колледжінің ұйымдастырған 7-9 сынып оқушылары арасындағы «Робототехника» облыстық байқауында жалпы саны 16 аудан, 8 мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 52 оқушы қатысып, бақтарын сынады. ҚР Оку ағарту министрлігі мен Қарағанды облысы білім басқармасының бірлесе ұйымдастырған, халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалінде Төлеби ауданындағы мамандандырылған мектеп-интернатынын 11-сынып оқушылары Рахматтула Акжол, Балғабай Бағжан «Roboland Kazakhstan» категориясынан жүлделі екінші орынды иеленіп, Кенжебек Сұлтан, Аманхан Алихан «Ралли» категориясы бойынша үшінші қатардан көрінді.

Жетісай ауданы мамандандырылған мектеп-интернатының шығармашыл ұстазы А. Молдадосова “Ғылыми жобалар конкурсына, республикалық олимпиадаларға дарынды оқушыларды дайындаудын әдіс-тәсілдері” тақырыбымен, Түркістан қаласы Әйтеке би атындағы жалпы орта мектебінін мұғалімі, педагог-шебер 3. Әсембаева “Ұлттық негізде оқушы байындағы сыни ойлау дағдысын қалыптастыру” тақырыбында қазақ тілі пәнінен, А.Сламова “Ұлы Абайды оқыту арқылы дарынды балалардың тәуелсіз ойлауын бақылау” тақырыбында оқыту семинары ұйымдастырылды.

«Ясауитану-2022» республикалық білім байқауының облыстық кезеңіне 53 оқушы қатысып, 22 оқушы жеңімпаз деп танылып, қорытынды кезеңге 44 оқушы жолдама алды. Қорытынды нәтиже бойынша Бас жүлде – 1 оқушы, І-орын-1 оқушы, ІІІ-орын-2 оқушы. «Тарихи шежірем. Менің тегімнің тарихы» атты республикалық байқаудың облыстық кезеңіне 27 үміткер қатысып, 12 оқушы жеңімпаз деп танылып, қорытынды кезеңге бір оқушы жолдама алды. Жаратылыстану-математика цикл пәндері бойынша «Перзиденттік олимпиаданың» облыстық кезеңіне 71 оқушы қатысып, жиырма бір жеңімпаз анықталып, іріктеуден он оқушы республикалық кезеңге өтіп, қорытынды нәтиже бойынша екінші орын үш оқушы, екі оқушы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жүз пайыздық білім беру грантын және бір түлек Торайғұров университетінің 50% жеңілдік грантын иеленді.

«Менің шағын Отаным» атты жас тарихшылар арасындағы интеллектуалдық конкусының облыстық кезеңіне 116 оқушы қатысып, алпыс бес жеңімпаз анықталып, 4 оқушы республикалық кезеңге өтіп, қорытынды нәтиже бойынша бірінші орын-1 оқушы, ІІІ орын бір оқушы, 2 оқушы Алғыс хатпен марапатталды. «Балалар оқулары» жоспардан тыс байқауына облысымыздан 92 оқушы қатысып, жиырма төрт жеңімпаз анықталып, 4 оқушы республикалық кезеңге өтіп, қорытынды нәтиже бойынша бірінші орын-1 оқушыға бұйырып, үш оқушыға Алғыс хат табысталды. «Ақберен» республикалық шығармашыл оқушылар арасындағы ІХ байқауының облыстық кезеңіне 147 оқушы қатысып, қырық сегіз жеңімпаз анықталып, 6 оқушы қатысқан қорытынды кезеңде екі үздік Алғыс хатты иеленген болатын.

2022-2022 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңіне 412 оқушы (34% жоба) қатысып, 201 оқушы (158 жоба) жүлделі орынға қол жеткізді. Облыстық кезеңінің екінші туры – тестілеу биылғы 13-14 желтоқсан айында өтеді деп күтілуде. 2-7 сынып оқушылары арасындағы «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеніне облысымыздан 303 оқушы қатысып, 137 жеңімпаз анықталып, 19 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды (республикалық кезең 2023 жылдың қаңтарында ұйымдастырылатындығы жоспарланған).

 «Алтын сақа» математика пәні бойынша олимпиаданың облыстық кезеңіне 147 оқушы қатысып, 54 жеңімпаз анықталды. Он бір оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды (республикалық кезен 2023 жылдын сәуір айы деп жоспаланған). 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиадасының облыстық кезеңіне 267 оқушы қатысып, 129 женімпаз анықталып, 16 оқушы қорытынды кезеңге жолдама алды (республикалық кезең 2023 жылға жоспарланған).

2021-2022 оқу жылында біздің аймақта жалпы 35 мектеп қолданысқа берілді. Онын ішінде жиырма екі мемлекеттік, 13 жекеменшік білім беру мекемесі. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел Үкіметінің 2022 жылғы 14 шілдедегі кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары облыс аумағынан 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 57 300 орын) құрылысын салу жоспарға енді. Мемлекет басшысының «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына (01. 09. 2020 ж) Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс- шаралар жоспарының 66-тармағына сәйкес, «Толыққанды оқу процесіне қажетті барлық функциялардың жиынтығы бар бірыңғай интеграцияланған білім беру онлайн-платформасын қамтамасыз ету» тапсырмасына орай, 2022 – 2023 оқу жылында облыстық білім басқармасы мен «BilimLand.kz» (Білімләнд) ЖШС-ның арасында «Әлеуетті мемлекеттік жекешелік әріптестікті іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы» меморандум мақұлданды.  

Меморандум аясында облыстағы орта білім беру ұйымдары (ведомствоға қарамастан) «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасына толық жүз пайыз тегін қосылып, 2022-2023 оқу жылының екінші тоқсанынан бастап облыстағы барлық орта білім беру ұйымдары «BilimLand.kz» ұлттық цифрлық білім беру платформасының электронды журналы, күнтізбелік тақырыптық жоспары (КТЖ), бөлімдер бойынша жинақтық бақылау (БЖБ), тоқсандық жинақтық бақылау (ТЖБ), сондай-ақ, (оның ішінде ІТеst.kz ІМекtер.kz, ОnlineіМеktер, Меkteр.Smartnation.kz, Jumys.Smartnation.kz, Basqarma. Smartnation.kz) білім беру ресурстарын оқу процесінде қолданып, жұмыс жүргізілуде.

Түркістан қаласындағы №28 мектеп-лицейде жыл соңында облысы әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен «BilimLand.kz» цифрлық білім беру платформасын оқу процесінде қолданудың тиімділігі таныстырылып, бұл жүйе өңір жетекшісінің тарапынан қолдау тапты. Салалық министрліктің М9 130 бұйрығы (06. 04. 2020 ж) негізінде құжаттарды педагогтер қағаз немесе (білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда) электрондық форматта толтырады. Білім беру ұйымдарында оқу үрдісінде электронды журналдарды таңдау еркіндігі берілген және мектеп мұғалімдерін қағазбастылықтан арылту мақсатында облыстағы барлық орта білім беру ұйымдары тек бір ғана электронды журналды толтыруда.

Ал, шын мәнісінде электронды журналдан бұрын, біз бұл сұраққа меморандумға облысқа беріліп отырған үлкен білім ресурсы тұрғысынан қарап, педагогтер мен білім алушыларға беріліп отырған тегін білім қорын айтқымыз келеді. Атап айтқанда, 3/7 пән бойынша екі тілде (қазақ/орыс) 24 мыңнан астам дайын цифрлық сабақтар, 100 мыңнан астам интерактивті тапсырмалар мен онлайн лабороториялар және ҰБТ дайындық тесттері. Өңір педагогтері де осы уақытқа дейін мұның әрқайсысын сатып алып, қолданып келгенін айтуда. Осындай үлкен білім қорын тегін пайдаланып отырған мұғалім мен оқушыларға, журналдың да бір жүйеде болуы тиімді болады (заң аясында – жоғарыда аталған нормативті құжаттар негізінде) деп санаймыз.

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ,
Түркістан облыстық білім басқармасының басшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий