Оқытушыларға арналған қысқы мектеп

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқытушылардың біліктілігін арттыру және өзара тәжірибе алмасу мақсатында қысқы мектеп жобасы өтіп жатыр. Қысқы мектепте университет оқытушылары бір-бірімен пікір бөлісіп, жаңа идеяларды талқылап, ғылыми зерттеу әдістерін игеруде, жаңа оқу бағдарламаларын жетілдіруде тәжірибе алмасатын болады,  – деп хабарлайды ҚРП Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Екі аптаға жуық уақытқа созылатын мектепте 8 топ бойынша күнделікті форсайт сессия, тренингтер, шеберлік сабақтары, спорттық ойындар өткізіледі. Қысқы мектепке 360-тан астам оқытушы қатысуда. Диалог алаңында қатысушылар спикерлермен бірге білім беру саласындағы ІТ технологияның қолданылуы, білім бағдарламаларын әзірлеудің негізгі аспектілері, ғылыми жобаларды коммерцияландыру, интернет психологиясы, трансформациялық ойын, зерттеу дағдыларын дамыту, академиялық жазу тағы да басқа тақырыптарда өзекті мәселелерді талқылайды.
Университеттің Басқарма төрағасы-Ректор Лаура Қарабасова аталған жобаның маңыздылығын атап өтті. – Биыл алғаш рет университетімізде «Қысқы мектеп» жобасын бастадық. Мақсат – оқытушыларымызға кәсіби дамуға және диалогтік алаңда бір-бірімен тәжірибе алмасуға жағдай туғызу. Өзара тың идеялармен бөлісіп, жаңа дағдыларды игеруде бұл жоба оқытушыларға пайдалы болатынына сенімдімін!, – дейді университет басшысы.
Айта кетейік, университет оқытушыларынан бөлек IELTS тренері Ronalyn De Claro да қатысушыларға сабақ жүргізеді. Мектеп бітірушілеріне арнайы сертификаттар табысталады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий