Ақмола облысы: “Алтын тұғыр” республикалық математикалық олимпиадасының жүлдегерлері марапатталды

Астана қаласында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “Алтын тұғыр” республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі аяқталды, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Олимпиада қорытындысы бойынша сегіз педагог ұсынған Ақмола облысы төрт жүлделі орынға ие болды. Хусаинова Шынаргуль Қайратовна Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом; Есентаева Нургуль Канатаевна Көкшетау қаласының Сәкен Жүнісов ат. № 18 мектеп – лицейі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом.

Оспанова Гульбаршин Байдалиевна Бұланды ауданы, Никольск №2 жалпы орта білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом; Мухамет Клара Аршалы ауданы, Сары-Оба ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебі, бастауыш сынып мұғалімі – ІII дәрежелі диплом. Барлық қатысушылар қатысқаны үшін сертификаттармен марапатталды.

“Өткізілген олимпиада барысында педагогтар комбинаторлық логикалық есептерді шешу арқылы өз тәжірибелерін жетілдірді, жаңа тәсілдерді қолдану дағдыларын дамытып, педагогикалық шеберліктерін арттырды”,- деп ұйымдастырушылар атап өтті. Олимпиада жүлдегерлерін қол жеткізген нәтижелерімен құттықтаймыз, табыс, одан әрі кәсіби өсу тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий