Дебатқа қатысатын мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің саны 28 мыңға өсті

2022 жылы пікірсайысшы мектеп оқушылары мен колледж студенттерінің саны 28 мыңға артты. Бүгінгі күні 7 мың пікірсайыс клубына 123 мыңнан астам бала мүше. ҚР Оқу-ағарту министрлігі пікірсайысты кеңінен насихаттау мақсатында пікірсайыс турнирлерін өткізудің тұжырымдамасы мен ережесін әзірледі. Оқушылар мен студенттерді оқыту үшін 10-ға жуық жобалық кеңсе мен штаб ашылды.
Онда әлемдік аренада танымал пікірсайысшылардың қатысуымен түрлі тренингтер мен вебинарлар ұйымдастырылады. Мысалы, биылғы оқу-жаттығуды әлем чемпионатының финалисі және пікірсайыс бойынша Азия чемпионы Джошуа Парк өткізді. 2021 жылдан бастап тәжірибе алмасу үшін Telegram арнасы және WhatsApp-та «Пікірсайыс көзғалысы/Дебатное движение» чаты жұмыс істейді. Ол чаттарды бүгінгі күні 5 мыңға жуық адам бар.
– Бүгінгі таңда оқушылар мен студенттер арасында кең тараған және танымал трендтердің бірі – ол дебат. Бұл қозғалыстың дамуы туралы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та айтқан болатын. Дебаттар танымдық дағдыларды дамытады. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеті – ХХІ ғасыр адамының негізгі дағдыларының бірі, өйткені көріп отырғанымыздай, жаңа буын жастары белсенділігімен және әртүрлі қызығушылықтарымен ерекшеленеді. Осы дағдыларды дамыту үшін дебат клубтары жұмыс істейді. Олардың қатары жыл сайын артып келе жатқаны қуантады.
Бүгінгі таңда пікірсайысшыларды қолдау мақсатында түрлі вебинарлар өткізіліп, қаржылай қолдау көрсетіледі, ал ірі турнирлердің жеңімпаздарына жергілікті университеттерге гранттар бөлінеді. Бұл қолдау шарасының барлығы дебат қозғалысын одан әрі танымал ете түседі, ал оның нәтижесі балаларымыздың білім сапасына оң әсер етеді», – деп айтты ҚР Оқу-ағарту министрлігі Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.
Былтырғы оқу жылының соңында қазақстандық 6 жоғары оқу орны дебат турнирлерінің 12 жеңімпазына білім грантын берген болатын. Оқушылар Қорқыт ата атындағы университетте, Аманжолов атындағы ШҚУ, Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде, «Тұран» университетінде, Satbayev University, Нархоз университетінде оқуға грант алды. Сондай-ақ турнирлерге қатысқаны үшін балаларға грамоталар, кубоктар және 200 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақшалай сыйлықтар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий