Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Нийде Өмер Халисдемир университетінің технопарк кеңсесі ашылды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Нийде Омер Халисдемир университетінің делегациясымен кездесу кеші өтті. Кешке Нийде Омер Халисдемир университетінің ректоры, профессор Хасан Услу, технопарк директоры Рифат Батталоглу, Бас хатшының сенімді өкілі Узкан Абдулгани және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Гүлмира Қанай қатысты, – деп хабарлайды осы жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екі ел университеттерінің ректорлары ынтымақтастық және екіжақты меморандумға қол қойып, бірлескен жобалар мен қос дипломды білім беру саласын талқылап, ынтымақтастықтың перспективаларын, алда күтілетін нәтижелерін талдады. Нийде Омер Халисдемир университеті – Түркиядағы ең үздік мемлекеттік жоғары оқу орындарының бірі.
Ресми кездесу барысында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, іскерлік кездесу барысында Технопарк кеңсесінің салтанатты ашылуы өтті. Технопарк кеңсесін ашудың негізгі мақсаты – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен басқа да жоғары оқу орындарының ғылыми-техникалық әлеуетін тиімді пайдалану үшін ынтымақтастық көпірін салу.
Шетелдік жоғары оқу орындарының тәжірибесі әлемдік деңгейдегі жоғары оқу орындарымен меморандумға отыру – университеттердің қарқынды даму құралдарының бірі ретінде пайдаланылатынын көрсетеді. Бұл технопарктің негізгі міндеті технопарк шеңберінде әлеуетті ғылыми-техникалық жобалар мен идеяларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындау, сондай-ақ білім мен өнертабыстарды технологияға айналдыру үшін орта қалыптастыру, технологияларды коммерциялық өнімдерге айналдыру мақсатында ғалымдар мен бизнес өкілдерін біріктіру.
Аталған технопарк кеңсесінің ашылуына байланысты ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері бойынша Нийде Омер Халисдемир университетімен коммерцияландыру бағыты бойынша іс-шараларды, студенттік стартап-жобаларды бірлесіп ұйымдастыру және қатысу күтілуде. Технопарк кеңсесінің ашылуы екі университет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және бірлескен жұмысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий