Шымкент қаласы: Мектептегі оқу ғимараты қолданысқа берілді

С.Нұрмағамбетов атындағы №72 ЖОББМ 3528 оқушыны оқу процесімен қамтамасыз етеді. Биылға дейін 3 ауысымды болып келген білім ордасы жаңа қосымша ғимарат арқылы толық екі ауысымға көшті. 375 оқушыға арналған бастауыш ғимараты заманауи стильде соғылып, ең соңғы үлгідегі техникалармен жабдықталған, – деп хабарлайды Шымкент қаласындағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ғимарат ішінде асхана, спорт зал, аулада 2 спорт алаңшасы мен 5 балалар ойын алаңшасы орналасқан. Бұл тек бастауыш оқушылары үшін ғана емес, орта, жоғары буынға да жақсы әсер етуде. Негізгі ғимараттағы 5-11 сынып оқушыларының сабақ барысы 100 пайыз кабинеттік жүйеге ауысып, қосымша сабақ, спорт, өнер үйірмесі және тағы да басқа сыныптан тыс жұмыстардың жандандырылуына оң әсерін тигізді.
«Елдің ертеңі – жастар» деген мемлекетіміз қашанда бірінші мектептің жағдайын ойлап, кешенді түрде қыруар шаруа тындырып келе жатыр. Еліміздегі халық саны көп мегаполис үшін білім беретін әрбір ғимараттың соғылуы айтулы оқиға.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий