Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, тәрбие мен білім беру үдерісіндегі қызметті ұйымдастырудың маңызы

Астана қалалық білім басқармасының және Әдістемелік орталығының қолдауымен №2 «Батыр» балабақшасында «Балалардың қызығушылықтарын ескере отырып, тәрбие-білім беру үдерісіндегі қызметін ұйымдастыру» тақырыбында арнайы қалалық семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды осы мегаполистегі салалық құрылымның баспасөз қызметі.
Семинардың мақсаты: білім беру процесінде балалардың танымдық, коммуникативтік, шығармашылық дағдыларын дамыту. Семинар жұмысына білім басқармасының мектепке дейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ережепова Айгүл Қайратқызы, Әдістемелік орталықтың мектепке дейінгі білім беру бөлімінің өкілдері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары мен әдіскерлері қатысты.
Бағдарламаға сәйкес семинарға қатысушылар ересек және екі мектепалды топтарда ұйымдастырылған іс-әрекеттерді тамашалады. Ұйымдастырылған іс-әрекет талдауын жүргізді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер арасында балабақша психологтары психологиялық тренингтер өткізді.
Семинар-практикум барысында тәрбиешілер мен қосымша білім беру педагогтерінің бірлескен жұмысы көрсетілді. Ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында балалар үшін қолайлы, қауіпсіз білім беру жағдайлары, әр баланың даралығы мен субъективтілігін қолдауға, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес дағдылар мен біліктіліктерін қалыптастыруға, балалардың коммуникативтік, танымдық, зияткерлік, шығармашылық, зерттеу қабілеттерін дамытуға бағытталған арнайы орта жасалды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий