Батыс Қазақстан облысы: Мектеп басшылары кәсіби дамудың жаңа мүмкіндіктерімен танысты⁣⁣⠀

Педагогикалық шеберлік орталығы мен EdCrunch Academy мәскеулік IT сарапшылары әзірлеген «Заманауи мектепті басқару» компьютерлік симуляторын⠀қатысушылар кәсіби менеджерлік дағдыларды арттырудағы педагогикалық жаңалық ретінде бағалады. Бұл басқосуға симулятор мүмкіндігін саралап көруге Бәйтерек ауданынан келген отыз білім менеджері командалық жұмысты жандандыруда нақты қадамдарды өздеріне анықтағанын жеткізді, –  деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
– Мектеп басшылары түрлі теориялық курстардан өткенімен шешім қабылдауда белгілі бір қиындықтарға кезігіп жатады. Бүгін симулятор арқылы мәселеге жан-жақты назар аудару, тиімді әдістерді саралау бойынша жақсы тәжірибе жинақтады деп есептеймін, – деді Орал қаласы білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова.⠀
Тренинг барысында виртуалды мектепті басқаруына алған командалар мүдделі тараптардың сұранысын зерделеп, стратегиялық шешімдер қабылдады. Бұл оларға кәсіби және басқарушылық құзыреттіліктерін арттыруға мүмкіндік берді. Үш күн ішінде әр топ виртуалды мектебінің жылдық жұмысын аяқтаумен қатар сәтті мектеп үлгілерін анықтады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий