Зейнеткер ұстаздың кітабы

Облыс орталығында орналасқан Хиуаз Доспанова атындағы мектепте «Аманатқа адалдық» кітабының тұсаукесер рәсімі жасалып, тың туынды авторымен кездесу ұйымдастырылды. Басты мақсат – мектеп оқушыларын жерлесіміз, Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Ғұмаров Жұмахайдың шығармашылығымен кеңінен таныстырып, жаңа кітаптың ішкі мазмұнын әңгімелеу арқылы жастардың баспа өнімдерін оқуға қызығушылығын ояту болатын, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Басқосуға жиналған шәкірттер кездесу кешінің құрметті қонағымен еркін әңгімелесіп, түрлі тақырыптағы сауалдарына тәлім тәрбиелік маңызы зор жауаптар алды. Мәртебелі мейман жаңадан жарық көрген кітабындағы пайымды пікірлері мен оралымды ойларын тарата әңгімелеп, аға буын өкілі ретінде сапалы білім мен саналы тәрбиеге негізделген отандық педагогиканың жаңа замандағы мәні мен маңызына тоқталды.

Осы білім ордасындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің үйлестіруімен “Ахмет- педагог, жаңашыл ағартушы” тақырыбында арнайы онкүндік бастау алды. Ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени, тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға – Ахмет Байтұрсынұлының халықтық тәлім тәрбиелік ойларының негізінде оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дамыту.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий