Информатикадағы жаңа технологиялар

Ақтау қалалық білім бөліміне қарасты жергілікті оқу-әдістемелік орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес №6 жалпы білім беретін мектептің базасында «Информатика пәнінде жаңа технологияларды қолдану» тақырыбы бойынша әдістемелік семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында осы білім шаңырағындағы информатика пәнінің мұғалімдері Байзулина Бакыт Жакуовна «Электронные таблицы в MS Excel», Хайдырова Алтынай Синбаевна «Роботтар әлемінде», Жеменей Мұхаммедрасул Шапурұлы «Мультимедиа на веб сайтах», Дүйсекеш Әсет Дүйсекешұлы «Разработка сайтов в nicepage» тақырыптарында ашық сабақтар өткізіп, іс – тәжірибелерімен бөліскен болатын.

Бишекенова Дамехан Кожабайкызы «Полезные ресурсы для учителей информатики», Хыйлыева Айжан Аскаровна «Создание различных видов тестов в конструкторе курсов Ispring Suite» тақырыптарында тренинг-сабақтар жүргізсе, Отарова Гүлбану «Компьютерные игры: вред или польза?» тақырыбында білімгерлермен дебат ұйымдастырды. Семинарға білім бөліміне қарасты білім ұйымдарының ұстаздары белсене қатысып, жоғары деңгейде өтуі үшін үлестерін қосты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий