Ақмола облысы: Антибуллинг мәселелері, балалар мен жастардың құқықтары туралы онлайн семинар

Онлайн режимінде «Білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинарға директорлардың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, Ақмола облысының білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері мен кураторлары қатысты. Барлығы-460 адам, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара педагог қызметкерлердің құзыреттілігін арттыру мақсатында, қолайлы және қауіпсіз орта құру жөніндегі жұмыстың басқа әдістерімен және нысандарымен толықтыру, практикалық құралдарды толықтыру және білім алушылардың жеке басын әлеуметтендіруге ықпал етеді.

Семинар барысында буллингтің алдын алу бойынша жұмыс тәжірибесімен Щучинск қ. Жоғары техникалық колледж директорының тәрбие жөніндегі орынбасары «Щучинск қ. жоғары техникалық колледждің буллингінің алдын алу бойынша психологиялық қызметтің жұмыс тәжірибесінен негізгі ресурстар» тақырыбында Табакова Марина Александровна;

«Мектептегі буллинг. Оқушының қысым көргенін қалай байқауға болады?» Атбасар қ. №7 жалпы білім беретін мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Бақыт Серікқызы Смағұлова; Степногорск қаласының білім бөлімінің Л.Н.Толстой атындағы №4 мектеп-гимназиясының сынып жетекшісі «Сынып жетекшісінің сынып ұжымында буллинг анықталған жағдайда әрекет ету алгоритмі» Борисенко Виталий Юрьевич бөлісті.

“Барлық баяндамаларда айтылған басты ой білім беру кеңістігінің қатысушылары арасындағы сындарлы өзара іс-қимыл мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмысын күшейту”,- деп атап өтті облыстың білім басқармасының ОӘК тәрбие бөлімінің әдіскерлері. Онлайн семинардың қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий