Чехиядан келген магистрант қазақ әдебиетін оқып жүр

Палацк университетінің магистранты Ян Брзобогаты Торайғыров университетіне білім алуға келді. Ол Erasmus + бағдарламасы бойынша Азия елдері және қазақ әдебиетін оқып жүр. Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Чехиядан келген магистрант Павлодар жоғары оқу орнын өзі таңдаған, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Мұнда ол “Азиатистика бойынша маманданған қытай тілі мен мәдениеті” мамандығы бойынша үш айлық оқудан өтеді. Сонымен қатар, Ян Брзобогаты ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін зерттеу жайлы шешім қабылдады. Атап айтқанда, Сәбит Мұқанов пен Сәкен Сейфуллиннің шығармаларына қызыққан.
– Біз Еуропадан келген студенттер мен магистранттардың өз бағытында жаңа білім алу және Қазақстан мәдениетін зерттеу үшін ToU-ды таңдағанына өте қуаныштымыз. Біз әрқашан шетелдік қонақтар үшін ашықпыз және оларға оқуда да, күнделікті өмірде де көмектесуге дайынбыз. Бүгінгі таңда біздің университет шетелде танымал бола бастады. Бұл болашақта басқа елдерден келетін студенттер мен магистранттар ағыны өсетінін білдіреді, – дейдітЖОО ректоры Еркін Садықов.
ToU және Палацк университеті 2014 жылдан бері серіктес болып келеді. Бұл ынтымақтастық профессорлардың қонақ дәрістерін және студенттердің екіжақты ғылыми тағылымдамаларын қамтиды. Жалпы, Торайғыров университеті жүзден астам жоғары оқу орындарымен белсенді өзара серіктестік қызмет жасайды.
Айта кетсек, тек 2022 жылы бізде Нигерия, Қытай, Моңғолия, Ресей, Германия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Украина, Израиль, Грузия, Ауғанстан, Ирак және тағы да басқа елдерден 239 шетелдік студент тұрақты негізде оқыды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий