Біліктілікті көтеру – педагогтің міндеті

ҚР Білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында: «Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және басқа да құзыреттердің оңтайлы арақатынасын қамтитын болады», – деп нақты айтылған.

Демек біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижелі атқаруы және кәсіби деңгейін көтеру үшін қажетті дағдысы деуге болады. Сонымен қатар педагогтердің біліктілігін арттыру – оқыту және оқыту сапасын арттыру үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдылары мен құзыреттерін қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.

Білім сапасына қол жеткізу үшін біліктілікті жетілдіру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыру мақсатында  біздің ұжым тарапынан өткізіліп жатқан көптеген қысқа және ұзақ мерзімді курстар, ДББҰ бағдарламасына негізделген деңгейлік курс, орта білім мазмұнын жаңарту аясында ұйымдастырылған біліктілік арттыру курстары педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, баланың әрекетін ұйымдастыра алу шеберлігін шыңдауда маңызы рөл атқарады.

Қазіргі уақытта біліктілік арттыру курстары түгелімен офлайн режимде өткізіліп, педагогтерге білікті тренерлерден тәжірибе алу ауқымын кеңейтіп отыр. Жаңартылған білім беру бағдарламасы және пән бойынша құзыреттілікті арттыру бойынша өткізіліп жатқан барлық курстарда сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың  тәсілдері, сыни ойлауды оқу және жазу арқылы дамытудың стратегиялары, жобалау әдісі, өз пікірін жазбаша рәсімдеу (мақала, эссе, комментарий беру және тағы да басқа) әдіс-тәсілдері кеңінен қолданылады.

Бүл әдіс-тәсілдер арқылы курс тыңдаушыларының бойында тілдік дағдылар қалыптастыру, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру мен инновациялық технологияларды меңгертіп, оны тиімді қолдана білу жолдарын меңгерту қарастырылған. Білім беру бағдарламасына енгізілген тың өзгерістер оқушының ой-өрісі мен қарым-қабілетін арттыруға тың серпін береді. Негізгі мақсат – білім мазмұнын жаңартуымен қатар, критериалды  бағалау  жүйесін  енгізу  және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру.

Сонымен қатар  жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану арқылы сапалы білім беру.

Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Еліміздің ертеңгі  болашағы жас ұрпақ болғандықтан оларға  терең де сапалы  білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгіңгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Сабақ – мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілеттілігіне, шеберлігіне байланысты.

Мемлекетімізде болып жатқан өзгерістердің білім беру саласы шет қала алмайды. Қазіргі заман талабына  сай сабаққа қойылатын мақсат-міндеттерінің ерекшілігі өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан-жақты дамытуға бағытталған. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады.

Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.

Биби Аргынбаевна СКАКОВА,
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық
орталығы» АҚ Жамбыл облысы бойынша
кәсіби даму институты» филиалының аға
оқытушысы, Тараз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий