Қауырсын қалам: Шәкірттер шығармашылығындағы шабыт

Менің мақтанышым

Мен қазақ болғаныма мақтанамын. Неге дейсіздер ғой? Өйткені менің  өз Отаным, отбасым, байтақ жерім, салт-дәстүрлерім, ұлттық құндылықтарым бар. Мектепте өз ана тілімде білім аламын. Ұстаздарымыз ұлы тұлғалардан, үлгі-өнеге алуға баулиды.  Қазақ ұлтында  бала дүниеге келген күннен бастап бастау алатын дәстүрлері қаншама. Атап айтатын болсам, шілдехана, азан шақырып ат қою, бесік тойы және тағы да басқалар.

Осы салт-дәстүрлердің негізінде сәби өсіп, жетіліп, бозбала шағынан бастап балаларды отан сүйгіштікке баулиды, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді. Менің  әкем маған ұлттық ойындарды үйретеді. Күні-түні ұялы телефонға үніліп отырмай,  асық, тоғызқұмалақ ойындарын ойнатады. Менің әкем бала кезінде тоғызқұмақтан талай жарыстардан жүлделі орындар алыпты.

Бұл ойындар, бала бойыңа шыдамдылықты, зеректікті, шапшаң ойлауды сіңіреді екен. Мен  сыныптас  достарыммен мектепте үзіліс кезінде асық ату ойынын ойнаймын. Асық ату үшін ептілік керек және асықтың түсуіне қарай өз атаулары бар екенін біле бастадық. Тоғызқұмалақ ойынының ережесімен достарымды таныстырып, үйреніп жатырмыз. Өте қызықты ойындар.

Абай АБЗАЛ,
№11 жалпы орта білім беретін
мектептің 3 «А» сынып оқушысы

————————————————————————————————————

Отаным – тәуелсіздік тұғырым (Сағымбай атамның айтуымен)

Тарихын терсем тереңнен,
Өрнектеп өрсем өлеңмен.
Тәуелсіз Қазақстанда,
Өмір сүріп келем мен.

Аспаным тұнық көгім бұл,
Асыр салатын төрінде ұл.
Көп ұлтқа құшағын тосқан,
Тәуелсіз менің елім!

Мақсат САҒЫМБАЙ,
3 «А» сынып оқушысы

———————————————————————————————————-

Екібастұз – аңыз қала

Әр адамның туған жері бар. Нақты осы жер оны елінің өткенімен және болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті, балалық шақтан бастап-ақ адамда Отанға деген  махаббат сезімі оянады. Отан отбасынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала….

Менің қаламның тарихы мүлдем өзгеше. Ертеде бір ауылда бақташы қой бағып жүріпті. Күздің бір суық күні ол қатты тоңып, от жақпақшы болыпты. Ол құрғақ ағаш бұтақтарын жинап бір жерге үйіп қояды. Бойы жылынған соң, ұйықтап қалады. Таңертең оянса, міне қызық… Оты сөніп қалыпты, бірақ жан-жағындағы тастар жанып жатыр екен. Қойшы бұл тастар жай тас емес екенін түсініп, сол жерді ұмытпау үшін белгі қойып кетеді. Ол сол жерді аттың басымен және бір жұмыр тұзбен белгілейді.

Содан бері сол жерге үлкен қала салынып, «Екі-бас-тұз» қаласы деп аталған екен. Менің туған қалам облыстың оңтүстік-батысында орналасқан. Ол – аймақтағы сәулетті әрі терең тарихы бар танымал шаһардың бірі. Біздің аумақтан жер асты байлығы – тас көмір өңдіріледі. Ұзақ уақыттан бері МАЭС №1, №2 және үш бірдей кеніш орны жұмыс жасайды. Бұл қала жергілікті кеншілер мен энергетиктердің мақтанышы. Туған қаламызды біз де мақтан етеміз. Мен өскенде қаламның дамып, гүлденуіне өз үлесімді қосуды армандаймын. Туған жер – құтты мекенім әрдайым көркейіп, қуанта бер!            

Жансая ЕСЛЯМБЕК,
3 «А» сынып оқушысы, Павлодар
облысы,
Екібастұз қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий