Ақтөбе облысы: Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері талқыланды

“Нұрсәт” балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының “Қарлығаш” балабақшасының өкілдері мен Ақтөбе облысының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Семинардың бірінші бөлімінде елордадан келген әріптестер “Қарлығаш” желілік балабақшасының моделі бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, презентация ұсынды. Семинарда сөз алған Бибігүл Қазақпаева “Ақылды балабақша” жүйесін құрудағы тиімді әдістерге тоқталды.
Бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беру жұмысын ұйымдастыру, мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде креативті тәсілдерді енгізудегі бастамаларымен де бөлісті. Сонымен қатар, жаңа білім беру модельінде қазір өзекті ЕCERS-3 бағалау шкаласы да талқыланды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий