Amanzholov university магистранты автоматтандырылған қоқыс сұрыптау кешенін ойлап тапты

Жоба бойынша кешен күн және жел энергиясынан қуат алады. Оған қоса, арнайы QR-код орнатылады. «Информатика» мамандығының 2-курс білім алушысы Дәулетбек Ағзам қытайлық жоба негізіндегі арнайы құрылғыны ойластырды. Оның айтуынша, тұрғындар қоқысты жай ғана тастамай, ол үшін ақша да алады, – деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.
Яғни, әр қоқыстың материалы, салмағына байланысты есепшотқа қаржы түседі. QR-код қоқыс тастаушыға төлем қызметін атқарады. Пайда табу арқылы азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру көзделген. Атап өту керек, магистранттың жобасы Өскемен қалалық әкімдігі ұсынған «Таза қала» жобасынан өзгеше. Дәулетбек Ағзам тамақ қалдықтары салынатын контейнерге арнайы желдету жүйесі бар салқындатқыш орнатпақ.
Осылайша, жағымсыз иіс ауаға тарамайды. Кешен күн, жел мен жаңбырдан қуат алады. Жас өнертапқыш қоқыс сұрыптау кешені жобасын бұдан әрі дамыту үшін Қытайға сапар жоспарлауда. Магистранттың сөзіне сенсек, бастысы ізденіс пен қызығушылық бар. Тек жергілікті атқарушы органдардың қолдауы қажет. Оның жобасы Түркиядағы EXPO халықаралық STEM–фестивалінде көпшілік назарына ұсынылғанын айта кеткен жөн. Дәулетбектің жобасын салалық нарық сарапшылары да жоғары бағалады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий