Батыс Қазақстан облысы: Тірек мектебінің әлеуеті

«Ауылдық аймақтардағы тірек мектептерінің әлеуетін арттыру» жобасы «Қазақстан халқына» қоры, Білім саласын тұрақты дамыту қоры мен Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірлесіп іске асырылады. Негізгі мақсат – ауыл мен қала арасындағы білім сапасын теңестіру. Ақсай қаласының №5 жалпы білім беру мектебінде осы жоба таныстырылды, – деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұл басқосуға аймақтың бас ұстазы Айгүл Мыңбаева, «Назарбаев зияткерлік мектептері» автономды білім беру ұйымының басқарушы директоры Айгүл Казжанова, «Beeline Қазақстан» аймақтық дамыту директоры Рустам Баспанов, Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев, «Қазақстан халқына» қоры төрағасының орынбасары Ләззат Чинкисбаева, Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Айдарбек Айтпукешев, Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Лариса Обыденкина, Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Гульнара Есмагулова және саланың сарапшы мамандары қатысып, тақырып бойынша ойларын ортаға салды.

Әдістемелік қолдау көрсету мақсатында ауылдық тірек мектебіндегі пән мұғалімдеріне сапаны басқару мәселелері бойынша құқықтық кеңес, оқыту мен оқу тәсілдерін жетілдірудің мүмкіндіктері, сабақта критериалды бағалауды тиімді пайдаланудың маңызымен қатар  педагогтың тәжірибедегі зерттеу мәдениетін дамыту және өнегелі тәрбие үдерістері таныстырылған. Ең негізгісі ауыл мектебіндегі ұстаздардың  кәсіби шеберлігін дамытып, сенімділігін ынталандыруға басымдық беріледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий