Алматы қаласы: Мектеп-лицей ашылды

Наурызбай ауданында бір мың екі жүз орынға арналған №207 мектеп-лицейі ашылды. Қазіргі таңда қазақ тілді бұл білім шаңырағындағы 85 сыныпта 2207 шәкірт бар. Жаңа ғимарат он блокты құрайды. Сексен екі пәндік және мультимедиялық кабинеттерге қоса роботты  техника үйірмесінің бөлмелері, арнайы спорт зал, кітапхана бар заманауи құрылғылармен жабдықталған, – деп хабарлайды Алматы қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға қалалық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сайлаубай Айдын Саулаубайұлы мен Наурызбай ауданының әкімі Тоғай Санжар Әділұлы қатысып, жиналған әлеуметке ізгі лебіздерін білдірді. Бір мезетте 180 бала тамақтану мүмкіндігі бар асханада 1-4 сыныптарда оқитын 1100 бүлдіршін бюжет есебінен тегін ас іше алады. Қашықта тұратын білімгерлерді төрт бағытта тасымалдау үшін төрт автобус жүріп тұр.

Мектепте білім берудің жаратылыстану-математикалық бағытын тереңдету бойынша жұмыс істейді және шығармашылыққа бейім, құзыреттілікке ие және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру көзделген. Қыздарға арналған тігін шеберханасы мен ұлдарға арналған саз балшықпен және керамика өңдеу дөңгелектері бар.

Face ID заманауи қауіпсіздік жүйесімен жабдықталғандықтан ата-аналар балалардың кіруі мен шығуы туралы хабарламалар алады. Бұл жүйенің базасына енгізілмеген оқушы немесе бөтен адам ғимаратқа кірсе арнайы бекетке дабыл беріліп, қауіпсіздік қамтамасыз ететін күзет келушінің кім екенін және қандай мақсаты барын жылдам анықтай алады.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий