Атырау облысы: Жас техниктер ғимараты

Жылыой аудандық жас техниктер станциясы жаңа қонысқа көшті. Бұрынғы аудандық сот ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға қосымша білім беретін арнайы орталықтың еншісіне берілген болатын. Салтанатты басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Аманқос Нұғман мен ардагер ұстаз Наурызбай Төлеуов бастаған танымал азаматтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі, – деп хабарлайды Атырау облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.

Жергілікті жас техниктер станциясына келуші жастардың қатары жыл артып келеді. Алты жыл бұрын төрт бағыт бойынша 160 оқушы білім алса, 2022-2023 оқу жылында он бағыт бойынша 1371 шәкірт шеберліктерін шыңдауда. Үйірмелер саны да робототехника, көлік модельдеу, кеме модельдеу, әуе модельдеу, зымыран модельдеу, стендтік модельдеу, алғашқы техникалық модельдеу, фото үйірме, қолөнер және тігін тігу бойынша көбейген.

Таңдаушылардың жеткен жетістіктері мол. 2017-2022 жылдарында 206 оқушы облыстық, республикалық жарыстар мен байқауларға қатысып, жүз жиырма сегіз білімгер жүлделі орынды иеленген еді. Сондай-ақ, 2021 жылдың желтоқсан айында өткен «Үздік қосымша білім беру ұйымы» атты облыстық байқауда жылыойлық жас техниктер бас жүлдемен мараптаталса, былтырғы қаңтар айынан үйірме жетекшілері атқаратын қызметтерін жаңа STEM лабораторияда бастаған болатын.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий