Қостанай облысы: Болашақтың перспективалық жобалары

Қостанай құрылыс колледжінің студенттері «Омбы автокөлік колледжі» ынтымақтастық аясында «Ұлттық қазына» дарынды жастардың халықаралық жетістіктері байқауына қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.


Бұл байқаудың негізгі мақсаты – жастарды өз бетінше ғылыми ізденістерге тарту, ғылыми әдістемелерді дамыту және алған білімдерін жүйелеу, оқу орындарында жастар арасында интеллектуалды қарым-қатынасты ұйымдастыру және кәсіби қызығушылықтары бойынша ақпарат алмасу. Қатысушылар түрлі бағыттар бойынша жобалар жасауға, жаңа идеяларды, әзірлемелерді ұсынуға және ғылыми зерттеулер жүргізуге шақырылды.

Байқаудың аймақтық кезеңінде Қостанай құрылыс колледжінің студенттері халықаралық сарапшыларға «Қостанай облысының Азаматттық құрылысында құрылымдық-оқшаулағыш панельдерді қолдану»; «Поливинилхлоридті терезелер конструкциясының ғимараттарды энергияны үнемдеуіне әсері»; «Тұрғын үйді жобалаудағы жаңа тәсілдер»; «Қоғамдық ғимараттың сәулеттік келбеті»;«Шағын архитектуралық формалар» тақырыбында ғылыми жобаларын ұсынды. Жеңімпаздардың жұмыстары талантты жастардың жетістіктері байқауының соңғы кезеңіне жіберіледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий