Ақмола облысы: Студенттер арасындағы пікірсайыс турнирінің қорытындысы

Ақмола облысының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау орталығы студент жастардың арасында облыстық пікір – сайыс турнирін өткізді. Турнирге 22 команда, барлығы 44 студент қатысты, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Іс-шара студенттердің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыруға, облыстың пікірсайыс қозғалысын дамытуға және қолдауға ықпал етеді. Төрешілердің қорытынды шешімі негізінде пікір – сайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды. Қазақ лигасында: 1 орын – Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің «Флейм» тобы; 2 орын – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің «Рухты ұрпақ» тобы; 3 орын – Щучинск қаласы жоғары техникалық колледжінің «Шың» тобы.

Орыс лигасы бойынша: 1 орын – Көкшетау қаласы, «Біржан сал атындағы музыкалық колледжінің» «Біржан ұрпақтары» тобы; 2 орын –Көкшетау қаласы, «Арна» жоғарғы колледжінің «Ар – Намыс» тобы; 3 орын –Көкшетау қаласы жоғары медициналық колледжінің «Вербум» тобы. Сонымен қатар төрешілер турнирдің Үздік спикерлерін таңдады олар қазақ лигасында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінің «Рухты ұрпақ» тобының спикері Жанибек Дана, ал орыс лигасында Көкшетау қаласы, Жоғарғы медициналық колледжі «Вербум» тобының спикері Айтмұхамбет Аружан иеленді.

Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Жеңімпаздардың жетекшілеріне алғыс хаттар, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий