Дипломатиялық корпуспен кездесу

Еліміздегі дипломатиялық корпусқа арналған іс-шара Назарбаев Университетінің базасында және шетелдегі қазақстандық дипломатиялық корпустың өкілдері үшін онлайн форматта ҚР Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Брифингте министр Саясат Нұрбек 2022 жылдың қорытындысы, жаңа министрліктің қызметі, ғылым мен жоғары білімнің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер туралы айтып берді.

– Министрліктің негізгі мақсаты – экономика үшін қажетті кадрларды сапалы даярлау үшін қажетті жағдайлар жасау, елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту, ғылыми-зерттеу ұйымдарын жаңғырту, ғылым және жоғары білім саласындағы шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты тереңдету, – деді сала басшысы. Елімізде болып жатқан демографиялық өзгерістер жоғары білімнің дамуына айтарлықтай әсер ететіні атап өтілді. Студенттердің жалпы саны тек біздің елде ғана емес, бүкіл әлемде өсуде. Ал бұл Қазақстан үшін Орталық Азиядағы білім беру хабына айналуға зор мүмкіндік болып табылады.

– Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің мақсаты жаһандық еңбек нарығы жағдайында тиімді жұмыс істей алатын жаңа формациядағы кадрларды даярлау болып отыр. Қазақстанды халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялау бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде, – деді Саясат Нұрбек.

Министрдің айтуынша, интернационалдандыру стратегиясын іске асыру жалғасады, сондай-ақ Қазақстан платформасында Орталық Азия жоғары білім кеңістігінің тұрақты бюросы жұмыс істейтін болады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында 2025 жылға дейін елімізде жетекші шетелдік жоғары оқу орындарының 5 филиалын ашу бойынша тиісті жұмыс жүргізілетіні атап айтылды.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий