Ұлы тұлға Мұрат Әуезовке 80 жыл

Қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың ұлы мәдениеттанушы, ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов биылғы жылы 80- жасқа толып отыр. Мұрат Әуезов 1943 жылы 1- қаңтарда Жамбыл облысында дүниеге келген. Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдерінің «Қытай филологиясы» мамандығы бойынша бітірген. Қызмет ету жолында басшыда, депутат та, елші де болған.

Сондай ақ Қазақстан Жазушылар Одағы мүшесі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Алтын асық», «Тарлан» сыйлығының лауреаты. «Жас тұлпар» бейресми жастар қозғалысы мен «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі болды. Ұлы Жібек Жолын зерттеу мен дамытуға қосқан үлесі үшін ЮНЕСКО-ның қола медалімен марапатталған. Асылдың сынығы, әке тәрбиесін бойына сіңіріп өскен ұлы жазушының перзенті еліміздің кино өнері мен телевизиясын дамуына елеулі үлес қосты. 

Ұлы тұлғаның сексен жылдық мерейтойына байланысты еліміздің түкпір- түкпірінде аталып өтуде. Мәдениеттанушы ғалымның ерен еңбегін, еліміздің дамуына қосқан үлесін жас ұрпаққа үлгі ету, насихаттау адамдық борышымыз. Осыған орай біздің білім ордасының қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасындағы ұстаздардың бастамашылдығымен білім ордасында сынып сағаттары, әдеби танымдық сағаттар, сыныптан тыс шаралар ұйымдастырылуда. 

Атап айтатын болсақ, пән мұғалімдері А.Джумабаева мен Н.Ардагер 10- сыныптармен әдеби танымдық сабақ өткізді. Онда ғалымның еңбектері , өмірбаяны, жайлы оқушыларға кең көлемде мағлұмат берілді. Келесі кезекте ұстаз А.Азимкулова мемлекет қайраткерінің еңбек жолы, өмірі мен шығармашылығы жайлы бейнебаян жасап, жоғары сынып оқушылары назарына ұсынды. Оқушылар кең көлемде мағлұмат алып, ой-пікірлерімен бөлісті.

Ұрпаққа берер үлгісі мол ұлт жанашырын ұлықтау мақсатында кафедра меңгерушісі А.Талғабекова мен М.Пахирдинова мектеп кітапханасында жетінші сыныптарға әдеби танымдық сағатын өткізді. Жастарға үлгі өнеге болатын ұлы тұлға жайлы мәлімет пен тың деректер жайлы мағлұмат жинап қабырға газетін жасауды 5-6 сынып оқушыларына мұғалімдер А.Дүйсекеева мен Н.Абдрахманова тапсырды.

Нәтижесінде оқушылар жұмысты қызыға да, жарыса да, ізденіс үстінде орындады. Бұдан бөлек қаңтар бойы жалғасын тапқан ұлт перзенті туралы танып білу, насихаттау сейсенбі сайын сынып сағаттарда айтылды. Руханиятымыздың тірегі, мәдени мұраны жаңғыртуға зор үлес қосқан қоғам қайраткері жайлы 11 сынып оқушылары бейнебаян жасап, ұстаздар назарына ұсынды.

Қаңтар бойы мәдениеттанушы Мұрат Әуезов жайлы насихаттап, үлгі боларлық істерін оқушылар назарына ұсынып, кең көлемде мағлұмат берген ұстаздарымызға алғыс дегім келеді. Еңбектеріңіз жансын әріптестерім.

Жансая Бексейтқызы АБДРАМАНОВА,
№ 44 мектеп гимназияның қазақ тілі
мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,
Алматы қаласының Түріксіб ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий