Бастауыш сыныптағы функционалдық сауаттылықты дамыту – заман талабы

«Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер», – дейді Жүсіпбек Аймауытов. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мақсаты негізге алынып отыр.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде , кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда білім берудің алатын орны ерекше.

Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп, оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Олай болса шығармашыл тұлғаны қалыптастыру үшін әр сабағымызда біз тек оқулық шеңберіндегі білімді үйретумен шектеліп қана қоймай, кең түрде әр баланың талабына, деңгейіне сай жұмыстарды саралап, ыңғайластыруымыз керек.

Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін, яғни бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыруда оқытудың жеті модулін қолдану, сабақ жоспарлауда Блумның ойлау дағдыларын–білу, түсіну, қолану, талдау, жинақтау, бағалау және сөйлеу әркеттерінің түрлері- оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалымды қолданып, бағалау критерилерін айқындаудың маңызы зор.

Оқу процесінде қолданылған интербелсенді әдістерді қолдану кезіндегі оқушының іс-әрекеті критериалды бағаланып, рефлексия жүргізілсе онда біздің де алдымызда отырған оқушының да жұмысы, даму деңгейі бірден көрінеді және олардың функционалды сауатты болып дамитындығы сөзсіз. Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді: терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту.

Өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру; ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу; өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру; пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу; шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу. Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек: бірлескен жұмыс; танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік тұрғыдан белсенділік таныту.

Жоғарыда айтылған жұмыстардың барлығынан көретін нәтижеміз, тұлғаның; сөздік қоры молаяды, ізденімпаздыққа үйренеді, ойлау қабілеті артады, ойын еркін айтады, белсенділігі артады, шығармашыл жұмыс істейді, қиялы ұшталады, тапқырлыққа үйренеді. Қорыта келе оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, бастауыш сыныпта сабақты дұрыс жүргізе білудің маңызы зор.

Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені. Сөзімнің соңында көнеден келе жатқан «Қыран-түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз-шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды»,-деген даналық сөзіндей, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.

Мейрамкуль Берекетовна ТАЖИЕВА,
Темірбек Жүргенов атындағы №80 мектеп
гимназиясы директорының бастауыш
оқу-ісі жөніндегі орынбасары, Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий