Кәсіби білім: Жас маман мен тәлімгер байқауы

Біздің арнаулы кәсіби білім беретін оқу орнындағы №8 «Бағдарламалық қамтамасыз ету» кафедрасының апталығы аясында қалалық «Жас маман мен тәлімгер» байқауы ұйымдастырылды. Басты мақсат – жас мамандар мен тәлімгерлердің шығармашылық әлеуетін көтеру және педагогикалық ізденістері мен жаңашылдық көзқарастарын арттыру болатын.

Байқауға облыс орталығында орналасқан төрт колледжден он жас маман қатысты. Байқау бірнеше кезеңдерден тұрды. «Мен педагогпін!» кезеңінде қатысушылар өздерін таныстырып, жұмыс өтілі, педагогикалық ұстанымы, кәсіби құзыреттілігі бойынша атқаратын функционалдық қызметтері туралы айтты. Бұл кезеңде – жас маман мен тәлімгердің өзара ынтымақтаса жұмыс істеуі және шығармашылық идеяның болуы, себебі, педагогтің бойынан табылатын түрлі қасиеттерді көрсете білуі қажет еді.

Осы кезең бойынша барлық қатысушылар, креативті әрі өздерінің озық идеяларын көрсете білді. Екінші, «Педагогикалық тұсаукесер» кезеңінде, жас мамандар оқытуда қолданып жүрген педагогикалық технологияларымен және әдіс-тәсілдері туралы көрсетті. Озық технологияларды көрсете отырып,  өздерінің шығармашылық қарым-қабілеттерін таныта білді. Жас маман мен тәлімгер арасындағы жұмыс жоспарын ұсынып, оны болашақтағы атқаратын нәтижеге бағдарлануын көрсетті.

Үшінші кезеңде үміткерлер еркін тақырыптағы өнер байқауында бақ сынады. Сахналық мәдениеттері мен бойындағы таланттарын көрсете білді. Жалпы байқау жоғары деңгейде ұйымдастырылуымен жиналғандардың тарапынан жоғары бағаға ие болды. Осындай шараларды  жиі ұйымдастыру педагогтардың ізденуі мен іс-тәжірибедегі жаңашылдықтарына жол ашатындығы даусыз. Байқау әділқазы алқа мүшелерінің ұпай сандары бойынша қорытындыланып, үздіктер лайықты марапаттарды иеленді.

Бірінші орын – Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жас маманы – Асылбек Серік Махмутұлы (тәлімгері – Боранбаев Мурат Мырзахметович); екінші орын: Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жас маманы – Салтай Бауыржан Серікжанұлы, (тәлімгері – Бақытұлы Қайнар); екі үшінші орын: Талдықорған агротехникалық колледжінің жас маманы – Құлжабек Пәриза, (тәлімгері – Қожахметова Гулжаухар Сейдахметовна) мен Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің жас маман Жұмабай Нұрсұлтан Жеңісұлы, (тәлімгері – Айнагулова Кемчат Сакановна).

«Креативті педагог» аталымының иегері Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жас маманы – Бақытбекқызы Алтынай, (тәлімгері – Умарова Шолпан Аскаровна); «Шығармашыл педагог» аталамының иегері Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жас маманы – Жанғазина Айнур Асхатқызы, (тәлімгері – Рустембекова Айжан Мақсұтқызы); «Үздік әдістемелік жұмыс» аталамының Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің жас маманы – Ауесхан Ахниет, (тәлімгері – Самалбаева Баян Абеновна).

Белсенді қатысқаны үшін Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің жас маманы – Жунусова Жансая Ахатқызы (тәлімгері – Рымтаева Асель Тынысбековна) мен Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологиялар колледжінің жас маманы – Бекежанов Мадияр Әділұлына (тәлімгері – Сағынбекова Жұлдыз Мықтыбекқызы) арнайы марапат берілді. Қатысушыларға үлкен алғысымызды білдіреміз.

Дархан Сұңғатұлы АСҚАНБАЕВ,
Талдықорған жоғары политехникалық
колледжінің арнайы пән оқытушысы, Жетісу облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий