Жамбыл облысы: Аймақ педагогтері кеңейтілген алқа мәжілісінде бас қосты

Облыс әкімнің орынбасары Еркін Құлымбайұлының төрағалығымен білім саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттері жөнінде білім басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісі өткізілді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Алқа мәжілісіне Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы, облыс әкімдігінің басқарма басшылары, республикалық бағыныстағы мекеме басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім саласының қызметкерлері мен ардагерлері, БАҚ өкілдері қатысты. Білім басқармасының басшысы Өмірбек Мейірхан Азатұлы өз баяндамасында 2022 жылдың жұмыс қорытындыларына тоқталып, 2023 жылға арналған жоспарлар туралы айтты.
Екінші сөз алған облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаттың математика пәнінің мұғалімі, «Үздік педагог – 2022» атағының иегері Давлетбаев Нұрлан Жексенбекұлы «Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформация жағдайында білім сапасын қамтамасыз ету» тақырыбында баяндамасын оқыды.
«Білім – Инновация» халықаралық қоғамдық қорының «Онлайн білім беру» бөлімінің бас маманы Эрметов Бахтиер Турсинбаевич жеке тұлғаны қалыптастыруда ұлттық құндылықтар негізінде білім мен тәрбие беру турасында сөз қозғады.
Алқа мәжілісінің соңында облыс әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы облыстағы білім сапасын көтеру бағытында бірқатар тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий