Шығыс Қазақстан облысы: Шаңғы жарысы бойынша арнайы олимпиада

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық спорттың қысқы түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің базасында шаңғы жарысы бойынша Қазақстандық арнайы олимпиаданың облыстық турнирі өтті, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Шаңғы жарысы бойынша облыстық турнирді өткізудің мақсаттары – арнайы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау, зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі жаңа спортшыларды спортпен шұғылдануға тарту, оларды әлеуметтендіру және қоғамға ықпалдастыру, қоғамның, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға назарын аудару және көзқарасын өзгерту болып табылады.
Жарысқа медициналық-әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мен арнайы мектептердің командалары қатысты. Қатысушылардың жасы: 15-21 жас. Турнир Special Olympics Inc. спорт ережелеріне сәйкес өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жеңіс тұғырынан көрінді: бірінші орын – Риддер қаласы, «№7 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің �№1 командасы және №2 командасы.
Екінші орын – Өскемен қаласы, «№ 8 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы; ІІІ орын – Алтай қаласы «№1 арнайы мектеп-интернаты» КММ-нің командасы. І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды. Спортшыларымызды жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий