Ақтөбе облысы: ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі аймақ ұстаздарымен кездесті

ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Бибігүл Шәкірбайқызы Нұрашева Ақтөбеге келді Ақтөбеге жұмыс сапары барысында ол Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейіне барды, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің мамандары облыстағы психологиялық қызмет жұмыстарын көрсетіп, есепке алудың электронды журналы бойынша мәлімет берді. «Жан сыры» психологиялық кабинеті, мектептердегі “Тұмар” аналар және “Ұлағат” әкелер клубының жұмысы таныстырылды.
Клуб мүшелері “Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым”, “Әке-жауапты лауазым” тақырыптарында ата-аналармен тренингтер өткізді. Әкелер клубының мүшелері бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың рөлін айта келіп, ер балаларға қамшы өрудің түрлерін көрсетті. Сонымен қатар, мектеп-лицейдегі “Дәмежан апайды тыңдайық” қыздар клубының жетекшісі қыз балаларға табақ тарту дәстүрін көрсетсе, “Ұлттық қолөнер-ұлт қазынасы” жобасы аясында оқушылар халқымыздың қолөнер бұйымдарын жасап, келген қонақтарға тарту етті.
Мектеп-лицей жанынан ашылған “KS MEDIA” балалар студиясының жас тілшілері Б.Нұрашеваны “Сәті түскен сұхбат” айдарына әңгімелесуге шақырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий