Парасаттылық кілті ұстазда

Белгілі психолог Н.С. Лейтес дарынды баланың негізгі қасиеттері мыналар деп көрсетеді: ұқыптылық, жинақтылық, зейіннің тұрақтылығы, еңбек ету қабілетінің жоғарылығы, ақыл- ой, логикалық ойлаудың тездігі, кез келген жағдайды талдап салыстыра білу, барлық күш-қуатты сарқа жұмсап тынымсыз еңбек етуі.

Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып кез келген баланың бойындағы қабілеттін үздіксіз еңбек ету, ерінбей, жалықпай үлкен ізденіспен жұмыс жасауының нәтижесінде жүзеге асыруға болады. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшандықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді және өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігіне икемдейді.

Осыған орай, жаңа жиырма бірінші ғасыр колледждерінде жаңа талап, жаңа заманға сай студенттердің ғылыми қоғамының жұмыстарының жандандыру – үлкен міндет. Оқушылардың дарындылық қабілеттерін ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Кіші Ғылым Академиясының конференциясы жыл сайын болып тұрады. Биыл қаңтардың 6-сы күні Ават ауылының орта мектебінде өтті.

Біздің колледждің студенттері де шетте қалып қоймай осы конференция ғылыми-зерттеу жобаларының сайысына қатысып бақтарын сынап көрді. Нәтижесінде еліміздегі Кіші ғылым Академиясының XX Еңбекшіқазақ ауданының ғылыми-тәжірбиелік конференциясына ғылыми-зерттеу жобасын ұсынып, қорғап, I дәрежелі дипломмен Шелек политехникалық колледжінің 1 курс студентті Абилова Эльнараға үшінші дәрежелі диплом табысталды.

Шелек политехникалық колледжінің 1 курс студенттері Нұрболатқызы Аружан мен Бекембай Ақерке марапатталды. Студенттердің жетекшілері Жиренова Айгуль Барибаевна, Саутов Рефат Пайзулламовичты да атап айтпасақ болмайды. Болашақта ұлттық дәстүр мен салт-сананы берік сақтайтын, саналы да парасатты болып өсуінің бір кілті ұстазда деп білемін.

Рефат Пайзулламович САУТОВ,
Шелек политехникалық колледжінің
өндірістік оқыту шебері, Алматы облысы,
Енбекшіқазақ  ауданы, Шелек ауылы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий