Қазақстандағы робототехниканың дамуы

Біздің арнаулы кәсіби білім беретін оқу орнында «Автомобиль жөндеу слесарі» біліктілігі бойынша оқитын білім алушыларымен топ жетекші Ж. Кыркабакова «Қазақстандағы робототехника» атты тәрбие сағатын ұйымдастырды. Тәрбие сағаты екі кезең бойынша өткізілді. Бірінші кезең бойынша роботтың тұрмысқа тигізер әсері, қажеттілігі уақыт өткен сайын арта түскенін, технология дами түскен сайын роботтардың саны артып, түрлі салаларда оң өзгерістер болып жатырғаны айтылды.

Қазақстанда Жапонияда сияқты алуан түрлі роботтар жасалмаса да, Қазақстан ғалымдарының халықаралық робототехника деңгейінде өз орны бар. Ол – параллель роботтар. Паралелль роботтардың құрылымы тұйық кинематикалық тізбекті манипуляторлардан тұрғандықтан олардың сериялық манипуляторларға қарағанда жүк көтергіштігі мен позициялау дәлділігі өте жоғары.

Осы роботтарды зерттеу халықаралық деңгейде жақында қолға алынып жатса, академик Жолдасбеков параллель роботтардың негізі болып табылатын жоғары класты механизмдерді зерттеуді өткен ғасырдың алпысыншы жылдары М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің механика-математика факультетінде дәріс алып жүргенде IFToMM президенті академик И.И. Артоболевскийдің ғылыми жетекшілігімен бастаған болатын.

Қазақстандағы робототехниканың негізін қалаған Өмірбек Арыстанұлы Жолдасбековтың еңбектері,  бұл күндері ғылыми мектебі өзі көп жылдар бойы ректорлық қызмет атқарып, еңселі қабырғасын көтерген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жалғасын тапқаны айтылды. Ғылыми-білім беру орталығының негізгі ғылыми бағдарламасы – параллель роботтарды зерттеу және оларды RoboMech класты параллель манипуляторларда, жасалып жатқан «Ai-Gerim» әлеуметтік гуманоид роботында, интелектуалды электрлі көліктерде қолданып жатқаны туралы мәлімет берілді.

Бүгінгі таңдағы соңғы жетістіктерге сүйене отырып, Женевада 167 ел арасында өткен First global challenge  атты әлемдік IT саласы бойынша Қазақстанның 15-17 жас аралығындағы оқушылар бірінші орын иеленгі туралы колледж қабырғасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  Екінші кезең Арал ауданындық оқушылар үйінде «Робототехника» үйірмесінің қосымша білім беру педагогы Жайлаубаев Ерлан және 3D әлемінің қосымша білім беру педагогы Орынбасаров Нұртуғанның атқарылып келе жатырған жұмыстары және жетістіктері туралы мәлімет берілді.

Білім алушылар робот-машина, 3D принтерден шыққан бұйымдарды, робот «Суммо», дрон ұшыру әдіс-тәсілдері, робот жасау үшін қолданылатын датчиктерге қызығушылық танытып өз мамандықтарына деген сүйіспеншіліктері әрі қарай арта түсті.

Жанна Кожагелдиевна КЫРКАБАКОВА,
Арал индустриалды-техникалық колледжінің
арнайы пән  оқытушысы, Қызылорда
облысының Арал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий