“Тіл-қазына” ҰҒПО бас директоры Ербол Тілешов өңірлік басылымдар форумына қатысты

ҚР ҒЖБМ Тіл саясаты комитеті Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Ербол Тілешов Өңірлік мерзімдік басылымдар форумына қатысты, – деп хабарлайды осы бейіндік ведомстваның баспасөз қызметі.
Іс-шара өңір журналистерінің алдында тұрған өзекті мәселелерге арналды. Әсіресе, БАҚ саласының өңірдегі жағдайы қалай, қазіргі жаһандану кезеңіндегі ақпарат ұсынудың тиімді түрлері мен тәсілдері және басқа өзекті мәселелер талқыланды. Форум аясында тіл мәселесіне де мән беріліп, оның ақпарат кеңістігіндегі маңызы жөнінде айтылды. Осы тақырып бойынша Ербол Тілешов еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған медиа өкілдеріне баяндады.
– Саналы өмірін ұлтымыздың болашағына арнаған Алаш қайраткерлері жергілікті баспасөз бетінде жиі насихатталса. Ұлтымыз үшін ортақ тұлғалардың есімдері ел есінде мәңгі сақталса, мұның тарихи әділдікті қалпына келтірумен бірге, болашақ ұрпақ тәрбиесі үшін маңызы зор, – деді Ербол Тілешов. Әлбетте, журналистиканың ең басты құралы – тіл.
Қазақтың бай да көркем тілімен дайындалған материалдың өз оқырман, көрерменін ешқашан бейжай қалдырмасы анық. Осы орайда, Орталықтың интернет ресурстарын ақпараттық технология басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы таныстырды. Орталық әзірлеген «Sozdikqor.kz», «Абай институты», «Emle.kz», «Termincom.kz», «Tilqural.kz» және тағы да басқа ІТ жобалары журналистердің үлкен қызығушылығын тудырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий