Шымкент қаласы: Цифрлы мектеп көрсеткіші бойынша үздік үштікке енді
Білім беру саласы – бәріміз үшін өте маңызды тақырып. Білім және ғылым мемлекетіміздің өркендеуінің негізгі қозғаушы күші болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін өскелең ұрпақты жан- жақты дамыту үшін, цифрлы білім ресурстарын белсенді қолдануы педагогтер арасындағы ауқымды мәселе болып отыр, – деп хабарлайды Шымкент қалалық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ұлттың болашағы білім-ғылыммен қаруланған келешек ұрпақтың қолында екені айтпаса да түсінікті. Цифрлық сауаттылық – бұл адам өмірінің барлық салаларында технологияларды сенімді, тиімді қолдану арқылы халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру, оқу-тәрбие процесін жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, ата-аналарға жүктемені азайту басты мақсат екені түсінікті. Ең бастысы білім сапасын арттыру.
Қазіргі заман мұғалімі білім беру үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдана отырып, жаңаша оқыту керектігін түсінеді. Ол біздің үлкен жетістігіміз! Заманға сай сапалы білім беру жолында еңбек етіп жүрген ұстаздарымыз барынша күш-жігерлерін салып, аянбай еңбек етуде. Мұғалімдеріміз цифрлық білім беру платформаларын басты немесе қосалқы ресурс ретінде пайдаланып келеді. Одан күтілетін нәтиже өте көп десек артық болмас.
Артықшылығына тоқтап өтер болсақ: білімін қысқа уақытта бағалайды; білім сапасын арттыра алады; оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырады; оқушылардың іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді; оқушыларды өздігінен ізденіп, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Қазіргі заман мұғалімдерінің бойында табылатын дағдылар осы цифрлық сауаттылық арқылы да дамуы сөзсіз.
Цифрландыру салалардың барлығына ортақ. Білімнің бастауы – мектеп. Сондықтан да мектептерді цифрландыру ол қай тұстан алсақ та, көп мәселенің шешімі болары сөзсіз. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласы педагогтердің цифрлық әлеуетін арттыруда, мектепті цифрландыру үдерісі негізінде өңірлер арасында үздік үштікке енді.