Батыс Қазақстан облысы: Бөрлі колледжіне жетпіс жыл

Тарихы 1952 жылдан бастау алатын Бөрлі колледжіне – жетпіс жыл. Қойнауына талай оқиғаларды бүгіп жатқан білім ордасы осы жылдар ішінде мыңдаған білім алушының жүрегіне нұр құйып, кәсіпке баулып, түлетіп ұшырды. Бастапқыда ауыл шаруашылығын механикаландыру Орал техникумы болып ашылған білім ошағы 1963 жылы алғашқы директорларының бірі Жұмашев Баян Құттыжолұлының бастауымен Орал облысының Бөрлі ауылына көшірілді, – деп хабаролайды Бватыс Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Бүгінде тәуелсіз елдің экономикасын дамытатын электрификациялау, мұнай мен газ өнеркәсібі, автокөлікке қызмет көрсету, орман шаруашылығы салалары үшін құзіретті маман дайындайтын білім ошағы іргелі өңірлік колледж ретінде өз қызметін жалғастырып келеді. Тарихы терең, шежіресі мол оқу орнының даңқын арттырып, өз істерін абыроймен атқарып жүрген оқытушы, қызметкерлер үшін де бұл мерекелік күн ерекше болды.
«Жетпістің желкенін керген Бөрлі колледжі» атты салтанатты – мерекелік бағдарламасына қатысқан БҚО Білім басқармасы Н.САБИРОВ, З.ГУМАРОВА, БҚО ТжКББҰ директорлар Кеңесі М.ДИЯРОВ, Н.НУРПЕИСОВ, БҚО Бөрлі ауданының Акиматы мен Маслихаты Қ.ЕРМЕКБАЕВ, әлеуметтік серіктестер, ардагер оқытушылар мен әр жылдың түлектері өз жылы лебіздерін білдірді. Колледж басшысы МҰРАТ УТЕМУРАТОВ меймандарға ризашылығын білдіріп, колледж жетістіктері туралы мақтанышпен айтты.
Колледждің бірқатар қызметкерлері мен оқытушыларына көп жылғы ерен еңбектері үшін алғыс хаттар табысталды. Оқу жылы барысында орындалған мерейтойлық шаралар жоспарының қорытындысы болған осы бағдарламада экскурсиялар, фотокөрмелер, шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Концерттік бағдарламаға ұласқан кеште жергілікті өнерпаздар мерекелік көңіл – күй сыйлады.
Даңқты оқу орнының түлектері, бүгінде елге танымал ЖАРҚЫНБЕК ШЫНТАЕВ – айтыскер ақын, айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің Халықаралық одағының мүшесі және ЕРМЕК ҚАЛИ – Орал қ.«Атамекен» өнер ордасының әртісі, Батыс Қазақстан облысының «Үздік мәдениет қызметкері» төсбелгісінің иегері атаулы мерейтойдың симолы іспеттес «Колледж гимнін» жарыққа шығарып, сыйға тартты.
Әннің премьерасы жиналғандар үшін шын мәнінде керемет сый болды. Колледж түлектері бүгінде елімізде, таяу және қиыр шетелдерде қызмет атқарып келеді. Мерекеге түрлі себептермен келе алмаған олар Ресей, Түркия, Италия, Англия, Астана мен Алматы, Ақтөбе қалаларынан бейнесәлемдерін жолдап, жылы лебіздерін жеткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий