Атырау облысы: Ардагер ұстазға құрмет

Атырау облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ардагер ұстаз Фаруза Шангерееваны қабылдап, зейнеткерлік демалысқа шығуына байланысты облыс әкімі жолдаған «Құттықтау хатын» табыс етті, – деп хабарлайды осы аймақтағы білімс басқармасының баспасөз қызметі.
– Сіз терең біліміңіз бен кәсіби біліктілігіңізді, мол тәжірибеңізді білім саласының дамуына арнап, жетістіктерге қол жеткіздіңіз. «Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан болады» деп, Абай Құнанбайұлы айтқандай, жас ұрпақты тәрбиелеп, оларды білім нәрімен сусындатып қана қоймай рухы биік тұлға ретінде қалыптасуына Атырау қаласы білім бөлімінің басшысы ретінде аянбай еңбек еттіңіз. Жас мамандарға өнеге боларлық адал да ерен еңбегіңіз, өзіндік қолтаңбаңыз бар, – делінген құттықтау хатында.
Фаруза Шангереева 2018 жылдан бастап күні бүгінге дейін Атырау қалалық білім бөлімін басқарды. Өңірдің білім саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен білікті ұстаз.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий