Қызылорда облысы: Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюға арналған жиын

Қызылорда облыстық білім басқармасы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің облыстық департаментімен бірлесе С. Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде жиын өткізілді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Ашиков және С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің ұжымы қатысты.
Күн тәртібінде құқық қорғау органдар тарапынан 2022 жылы С.Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінде студенттердің сабаққа қатысуы, шәкіртақы тағайындау және тағы да басқа мәселелер бойынша жүрігізілген тексеру нәтижесі қаралды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» агенттігінің облыстық департаменті басшысының бірінші орынбасары Асылхан Амангелдіұлы тексеру нәтижесінде 2016-2021 жылдар аралығында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алатын студенттерге шәкіртақы төлеуде заң бұзушылықтар орын алғандығын айтты.
Сондай-ақ, білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты жол бермеу шаралары туралы айтып, бірақатар ұсыныстарын жеткізді. Жиын соңында Мейрамбек Зинабдинұлы колледж ұжымына студенттерге сапалы білім берілуі мен жұмысқа қабылдау бойынша заң талаптарына сәйкес жұмыс жасап, сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау жөнінде жұмысты күшейтуді тапсырды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий