Екі жылда жиырма мектеп

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай КӨЛГІНОВ өткен аптаның жұма күні Ақмола облысына жұмыс сапары аясында «Фостерлік отбасылар», «Ауыл Аманаты», «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту», «Жайлы мектеп», дуалды оқыту бағдарламаларын жүзеге асырудың барысымен танысты.  

Вице-премьер Ақкөл ауданында балаларды қолдау орталығында болды, онда елде алғаш рет «Фостерлік отбасылар» кәсіби бала асырап алу отбасыларын құру жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.  – Бұл – өте маңызды жоба және оны сапалы іске асыру үшін барлық күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет. Біздің міндетіміз – балаларды әлеуметтендіру. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, отбасында тұрып тәрбиеленуі тиіс. Оқу-ағарту министрлігі тарапынан да, нормативтік базалар бойынша да қолдау көрсетілетін болады, — деді Алтай Сейдірұлы.

Үкімет мүшесі сонымен қатар Көкшетау қаласындағы жауапкершілігі шектеулі «Eurasia Group Kazakhstan» серіктестігінің азасында дуалды оқыту бағдарламасын жүзеге асыру барысымен танысты. Агротехникалық колледж студенттері өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында кәсіпорында кәсіби тәжірибеден өтіп, одан әрі жұмысқа орналасады. Ақмола облысы әкімдігінің ақпараты бойынша дуалды оқыту нысаны 28 колледжде қолданылады, аталған технология бойынша төрт мыңнан астам студент білім алуда.  

Сондай-ақ бұл аймақта да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Ақмола облысында 2023-2025 жылдары 26 500 оқушыға арналған жиырма мектеп салу көзделген. Жұмыс сапарының соңында Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстары әкімдері орынбасарларының, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, оқу-ағарту, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, ұлттық экономика вице-министрлерінің және тағы да басқа мүдделі тараптардың қатысуымен арнайы кеңес ұйымдастырылып, жиын барысында әлеуметтік мемлекеттік бағдарламаларды сапалы жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.  Бұған дейін вице-премьер Алтай Көлгінов Жамбыл, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында болған еді.  

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий