Абай облысы: Патриоттық тәрбиенің маңызы

Жергілікті инновациялық-әдістемелік орталығындағы тәрбие бөлімінің бастамасымен ұрпағымызды кеудесінде намысы бар, білімді, туған елін, жерін сүйетін өнегелі ұрпақ тәрбиелейтін аймақтағы қосымша білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған «Қосымша білім беру үрдісіндегі патриоттық тәрбие» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Абай облыстық білім басқармасыныңі баспасөз қызметі.

Орталықтың тәрбие бөлімі басшысы А. Абдухамитов ағымдағы жылда қосымша білім беру бойынша жоспарланған іс-шаралар желісімен таныстырды. Семинар барысында «Жергілікті композиторлардың шығармаларын сабақта қолдану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру» тақырыбында Семей қаласындағы №1 балалар музыка мектебіндегі қобыз сыныбының оқытушысы Ргелова Айгүл Биғазықызы; «Жас сарбаз» әскери-патриоттық тәрбие қозғалысының жұмысы бойынша Семей қаласындағы №2 мектебінің «Жас сарбаз» клубы жетекшісі Тақанов Төлеубек Тақанұлы сөз сөйледі.

Қазақ күйлеріндегі патриотизм және ансамбль күйшілерін дайындаудың тиімді жолдары туралы Семей қаласындағы «Балалар өнер мектебінің» домбыра сыныбы оқытушысы Касымбекова Хамар Мухаметжаровна, «Қосымша білім беруде ағылшын тілін үйретуде сын тұрғысынан ойлау арқылы патриоттық тәрбие беру» тақырыбында Көкпекті ауданындағы Оқушылар шығармашылық сарайынің «Жас ағылшындар» үйірмесі педагогі Камзина Гульнара Алимхановналар тәжірибелерімен бөлісті.

Басқосу қорытындысында қатысушылар түрлі пікірлерін ортаға салып, қосымша білім беру педагогтерінің жұмыс барысындағы сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий